Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Ата−анаға «уф» деуге де болмайды



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез
Акылды создер
Ата−анаға «уф» деуге де болмайды 
«Егер олардың екеуі де немесе біреуі қартайып сенің қасыңда болатын болса оларға 
қызмет етуден тартынба, «уф» та деме, оларды айыптама...»
7
Аллаһ Тағала осы аят арқылы баланың ата−анасына қалай қарауы, қалай сӛйлеуі 
мәселесінде жол кӛрсетеді. Бала ата−анасына ұрсып, ұру, ренжіту, жалғыз тастау былай 
тұрсын, оларға «уф» деген сӛзді де қолдана алмайды. Құран ата−анаға құрметсіздіктің 
шеңберін сызып кӛрсеткен. Оларға «уф» деген сӛзді қолданудың ӛзіне тыйым салынса
қалайша оларға жекуге, ренжітерлік әрекеттер жасалуы мүмкін? Осы тұрғыдан «уф» деген 
сӛзден ауыр деп саналатын барлық әрекеттер ата−анаға деген құрметсіздік және оларға 
қарсы бас кӛтеру деген мағынаға келеді.
Ата−анаға құрмет мәселесі ӛте маңызды тақырып. Бұл мәселеге ешкім де атүсті 
қарамауы керек. Егер қарапайым бір мәселе болса Хақ Тағала да бұл мәселеге осыншама 
тоқталып, оларға құрмет мәселесінде осыншама шектеу кӛрсетіп бермес еді.
Ата−анаға құрмет және оларға мойынсұну мәселелерінде тек діни және ұлттық 
тәрбиеден шет қалған адамдар емес, кейде дін үшін, ұлт үшін қызмет етіп жүргеніне сенетін 
адамдар да үлкен қателіктер жіберуі мүмкін. Адам бір жағынан Аллаһтың разылығына 
жетелейтін істермен шұғылданып жүріп бір жағынан Оған ұнамайтын істерді істеп, ӛз 
жақсылықтарын осы дүниеде жүргенде−ақ тауысып алмауы керек.
Ата−анаға жақсы қарау − баланың міндеті 
Бұл жерде бір мәселеге назарларыңызды аударғымыз келеді. Ата−ананың балалары 
үшін жасайтын іс−әрекеттері – табиғи нәрсе. Аллаһ (жәллә жәләлуһ) оларға балаларына 
6
Ибрахим 14\41 
7
Исра, 17\23 


11 
қарап бағуды бұйырмаса да олар балаларын бағып−қағып ӛсіріп, сол жолға барларын салар 
еді. Ӛйткені, Аллаһ Тағала ұрып−ұрысса, тіпті қиянат кӛрсетсе де ӛз бауыр еті балаларын 
асыру үшін ата−ана деп аталатын Хақ есігінің қызметшілеріне мейірім−шапағат деген 
нәрсені берген.
Мына бір ғибратты хикая да мына ақиқаттың әдемі мысалы болып табылады: 
Анасына қарсы шыққан жас жігіт әуелі анасын ұрып, ренжітеді. Сосын ӛшігіп оны 
пышақтайды. Сол кезде пышағы саусағына тиіп кетіп, байқамастан «апа!» деп қалады. 
Оның бұл даусына анасы шыдай алмай, «балам!» деп баласының саусағына ұмтылады.
Міне, ата−ана деген осындай. Балалары ұрып−соғып, ренжітіп жатса да, «Балам!» 
деп ыңырсиды. Олардың осындай мейірімі Хақ Тағаланың Рақымды, Мейірімді деген 
есімдерінің олардың бойынан кӛрініс тапқанын кӛрсетеді. 
Хақ Тағала ата−ананың бойына мейірім, шапағат сезімін дарытып, балаларын 
сүйдірген, қажет кезінде арқаларына мінгізіп, арқалатқан. Бұл бір ата−ана болудың ақиқаты 
және ата−ананың табиғаты. Ал баланың ісі – олардың алдындағы борышын ӛтеу. Ата−ана 
баласына жасаған мың түрлі жақсылығы мен қызметінің қайтарымын алуға құқылы, ал бала 
болса ата−анасына осыны қайтаруға міндетті
8
.
Тіпті, ата−ананың иман мәселесіндегі орны да жағдайды ӛзгертпейді. Міне, бір 
мысал: Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) қызы Хаз.Есма былай жеткізеді: 
Әлі мүшрік болған анам қасыма келді. (Не істеуім керектігін) Хаз.Пайғамбардан 
сұрап: 
«Анам қасыма келді, менімен сӛйлескісі келеді, анама жақсы қарайын ба?» 
деп 
сұрадым. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәссәлләм): 
«Иә, оны құрметте!» деді»
9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет