3
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) қасындағы адамдардың жаман,
дӛрекі, мазақ сӛз және әрекеттеріне қарсы сыпайылық танытып, оларға жаман сӛз
немесе
әрекеттермен жауап қайтармаған, оларға жылы қабақпен қараған. Ешкім Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм) дӛрекі немесе кемсітуші әрекетін байқамаған. Оның аузынан
адамды ренжітетіндей сӛз ешқашан шықпайтын. Астарлап болса да ешкімді кемсітпеген.
«Іштеріңдегі ең жақсыларың адамгершілігі мен мінезі жағынан ең жақсыларың»
деген пайғамбарымыз адамның жолдастарына кішіпейіл, сыпайы болуының қайырлы іс, ал
әрбір қайырлы істің бір садақа екенін білдірген. Бір жолы
сахабаларына жұмақта іші
сыртынан, ал сырты ішінен кӛрініп тұратын зәулім үйлер бар екенін айтқан. Мұны естіген
бір бәдәуи бұл үйлердің кімге арналғанын сұрағанында пайғамбарымыз олардың сыпайы
адамдар және жылы сӛзділерге арналғанын айтады.
Хаз.Айша айтады: «Бір күні Аллаһ расулы бӛлмеме кірді, құбылаға қарап,
қолын
жайып, былай дұға етті: «Аллаһым! Мен бір адаммын, егер құлдарыңның бірін ренжіткен
болсам, мені жазаға тарта кӛрме!».
Пайғамбарымызға жақындығымен танылған Енес бин Малик былай дейді: «Аллаһ
расулына он жыл
қызмет еттім, сол уақыт ішінде ол маған ешқашан ашуланған емес. Істеген
ісіме «Мұны неге жасадың?» деп немесе істемеген ісіме «Неге жасамадың?» деген емес.
Ӛйткені, Ол Енес Бин Маликтің айтуынша адамдардың ішіндегі ең кӛркем мінездісі
болатын».
Пайғамбарымыз бос сөзден аулақ тұратын
Пайғамбарымыз әрдайым жылы қабақты, жұмсақ мінезді адам болған. Дӛрекі, қатал
емес еді. Айқайламайтын, жаман сӛз айтпайтын, біреуді айыптамайтын. Ұнамсыз нәрселер
кӛрсе байқамағандай кейіп танытатын. Ӛзін үш нәрседен тиятын: дауласу,
асыра сілтеу
және бос сӛз. Ешкімді айыптамайтын, біреудің кемшілігін іздемейтін, сауапты кӛздейтін
тақырыптан тыс нәрселер сӛйлемейтін. Сӛйлеген кезде
алдындағы адамдар бастарын иіп,
Оны ұйып тыңдайтын. Ол сӛйлеген кезде жиылғандар тынышталып, Ол үндемеген кезде
халық сӛйлейтін.
Пайғамбарымыздың
алдында ешкім тартысып, дауласпайтын. Сахабаларының
күлген нәрсесіне күлетін, таңданған нәрсесіне таңданатын. Бӛтен біреу дӛрекі әрекет
кӛрсетсе сабырлылық танытатын. Жолдастары осындай біреумен
дауласып қалса оларға
«Мұқтаж адамды кӛрсеңдер оған кӛмектесіңдер» дейтін.
Достарыңызбен бөлісу: