III
____________________________________________________
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________
Оқушыларға Қиямет күнінің көп атаулары бар екендігін түсіндіріңіз. Мысалы, Қайта тірілу күні (Йаум әл-Қийяма); Ұлы Апат (әл-Қари’а), Жабатын (әл-Ғашия), Түсетін (әл-Уақийя), Болуы Ақиқат (әл-Хаққа);
Оқушыларды қайта тірілу күніне дайындалу ретінде Аллаһқа мойынсұну істерін істеуге және қосымша игі істермен қамдануға ынталандырыңыз;
Оқушыларға қабір бұл Ақыреттің бірінші өткелі екендігін, Аллаһтың құлдарына қабірлерінде «Раббың кім? Дінің қандай? Пайғамбарың кім?» деген үш сұрақ қойылатынын түсіндіріңіз. Кім осы үш сұраққа дұрыс жауап берсе, соған сый ретінде шаттық-шадымандық нәсіп етіледі, ал кім оларға жауап бере алмаса, қабірде ұлы жазаға тартылады.
Оқушыларға Аллаһтың Ұлылығына және Оның Құдіретіне нұсқаңыз. Өйткені Ол адамдарды есеп айырысу үшін және сый немесе жазасын беру үшін олардың қабірлерінен қайта тірілтіп шығарады;
Оқушыларға Қайта Тірілу күнінің кейбір қорқыныштары туралы айтып беріңіз: Сүрдің үрленуі, Күннің жаратылыстарға жақындауы; амалдар жазылған дәптерлердің жан-жаққа ұшуы; біреулерге амал дәптерлерін оң қолына алуы туралы, ал басқаларға – сол қолына алуы туралы бұйрықтың түсуі; Тозақтың үстендегі Көпірден (әс-Сыраттан) өту.
Оқушыларға Жәннаттың кейбір шаттық-шадымандықтары туралы, сондай-ақ Жәннатқа кіруге алып баратын себептер жайында айтып беріп, оларда Жәннатқа кіруге деген құштарлықты оятыңыз. Оқушыларға Тозақтағы жазалардың кейбірі туралы, сондай-ақ Тозаққа түсуге себеп болатын нәрселер туралы айтып беріп, оларда Тозаққа түсуден қорқуды оятыңыз;
Оқушыларды Аллаһқа Жәннатты сыйлауын сұрап дұға етіп жалбарынуға және оған сөздер мен амалдар арқылы жақындауға ынталандырыңыз. Сондай-ақ оқушыларды Аллаһқа Тозақтан пана тілеп жалбарынуға және одан сөздер мен амалдар арқылы алыстауға ынталандырыңыз;
Оқушыларға «әт-Такуир» (81-сүре), «әл-Инфитар» (82-сүре) және «әл-Иншиқақ» (84-сүре) сүрелерін оқып беріңіз әрі олардың мазмұнын осы сабақта оқытылып жатқан тақырыппен салыстырыңыз.
Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларға «Қиямет күніне иман» сөздерінің мағынасын түсіндіріп беру;
2 – Оқушыларға Қиямет күнінде орын алатын кейбір оқиғалар туралы баяндап беру;
3 – Оқушыларға Қиямет күнін терске шығаратын адам туралы шариғат үкімін түсіндіру.
ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ
ИМАННЫҢ АЛТЫНШЫТІРЕГІ
Достарыңызбен бөлісу: |