Cабақ
Абайтану №26
|
Мектеп: Ақын Сара атындағы орта мектеп
|
Күні: 26.04.2017
|
Мұғалімнің есімі: А.Сейхан
|
Сынып: 9 «Б»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
А.Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасы
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
Оқушылар «Ескендір» поэмасы туралы біледі, талдайды және қорытынды ой шығарады
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
«Ескендір» поэмасын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
«Есккендір» поэмасын талдайды.
Кейбір оқушылар:
«Ескендір» поэмасына ойтолғау жазады
|
Тілдік мақсат
|
Тілді терең меңгеру
|
Пәнаралық байланыс
|
география
биология
|
Критерий
|
Абай шығармаларының мәні
Ескендір поэмасының негізгі мәселелері
Ескендір поэмасының негізгі идеясы
|
Алдыңғы оқу
|
Абай Құнанбайұлының әндері
«Ескендір» поэмасын оқып келу
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төмендегі жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазылады.)
|
Ресурстар
|
Басталуы
10 минут
|
Тренинг.
Абай атамыз:
1. Ойға түстім толғандым
Өз мінімді қолға алдым…
2. Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес,- деген.
Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық.
- Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық. (2 топтың оқушылары қағазға жаман, жақсы қасиеттерді жазады, ал 3 топ оқушылары таразыға салып өлшеп отырады)
- Қасиеттер:
Жақсы:
|
Жаман:
|
Талап
Жігер
Еңбекқорлық
Отансүйгіш
Адамгершілік
Мейірімділік
Ерлік
Әділеттік
Ар-намыс
|
Жауыздық
Қанағатсыздық
Ашу
Тойымсыздық
Қызғаныш
Ерегісу
Мақтаншақ
Өсек-өтірік
|
«Александрия» тақырыбы назира дәстүрінде
Науои «Ескендір қорғаны»
Низами «Ескендірнама»
Фирдоуси «Шахнама»
|
тақта, бор
|
Ортасы
25минут
|
ТЖ.
І топ
«Ескендір» поэмасын «Оқиға желісі» арқылы мазмұнды сызбаға қорғау
Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
ІІ топ
Авторы
Тақырыбы
Жанр түрі – поэма (дастан)
1. Шумақ саны – 42
2. Тармақ саны – 168
3. Буын саны – 3 бунақты
4. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)
Троптың түрлері
Әдеби теориялық ұғымдар
Теңеу – дарияның суындай қандар ақты;
таспадай бейне арықтан шыққан құлап.
Эпитет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.
ІІІ топ
Өздеріңнің ой түйіндері постерге түсіру
Пән аралық сұрақтар
1. Биология: Поэмада адамның қай мүшесі туралы сөз болады? Құрылысын айтып бер.
2. География: «Ескендір» поэмасында сөз болатын Македония шаһары қай елде орналасқан?
«Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы.
Мәтіннен үзінді Ой-тұжырым мазмұнға сәйкес мақал- мәтел ----Долдықпен хан Ескендір ашуланды, Ашуланып қақпаға жетіп барды
Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос
-Қанша алтынды күміспен салсадағы, Арпа -бидай ас екен,
Бір кішкентай сүйекті аудармады Алтын –күміс тас екен
-Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді , Жақсының жақсылығын айт нұры Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды? тасысын!
Жақсы ай мен күндей, Баршаға
бірдей.
-Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін, Өзі тойғанымен , көзі тоймас.
Толмас көзің толар деп қайғы жеме
|
А4 парағы
А4 парағы
А4 парағы
Интерактивті тақта
|
Соңы
10минут
|
Рефлексия
Ойлаудың алты қалпағы»
«Қызыл қалпақ» -Түйсік
Эмоция: Менің түйсіктік реакциям қандай? Мәтін туралы өз ойыңызды жазыңыз.Ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
«Ақ қалпақ»- Фактілер
Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңыз бар, тарихта болған адам. Данышпан да , философ, Аристотель, грек ғалымы, математик.
«Сары қалпақ»- Позитив
Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай? Аристотельдің құрметті есімі, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам»
«Қара қалпақ»-Жағымсыз
Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз.Ескендір елде алмаған хан қоймады,Алған сайын көңілі бір тоймады.Араны барған сайын қатты ашылып,Жердің жүзін алуға ой ойлады.. Ескендір - Қанішер, қатыгез, тойымсыз, даңғой...
Жасыл қалпақ-Креатив
Менде қандай идеаялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Ескендір әлемді ақылымен, білімімен, данышпандығымен жауласа болар еді.
«Көк қалпақ» -шолу /үндеу/
Әлемде тек қана бейбітшілік салтанат құрсын!Лаңкестік болмасын!Соғыс болмасын! Адам қаны жазықсыз төгілмесін...
«Жасыл қалпақ»
Үй тасырмасы: «Қанағат қарын тойғызар» ойтолғау жазу
|
Стикер
6 қалпақ
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексергенді қалай жоспарлайсыз?
1.Ынталандыру арқылы
2. Бас бармақ арқылы
3.Топтық бағалау
4. өзін –өзі бағалау
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
1.тарих
2. география
3.биология
|
Рефлексия
Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|