ЭССЕ
Баламалы энергия
Жер бетіндегі адамзаттың тіршілігі үшін үнемі жылу мен қуат қажет екені белгілі. Осы қажеттілікті қамтамасыз етуде жылдар бойы ормандар кесіліп, жер қойнауындағы табиғи байлық пайдаланылып келеді. Алайда жер қойнауындағы көмір, мұнай және газдың қоры күндердің күнінде таусылатыны анық. Оны қазіргі таңда ғалымдардың жүргізген зерттеулеріненде көре аламыз.
Жалпы энергия дегеніміз не? Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Біз білетін энергияның екі түрі бар: сарқылатын және сарқылмайтын энергия көздері. Энергияны баламалы жолмен өндіруге күн сәулесі, жел, өзендегі су, жер астындағы жылу және биомассаның көмегімен энергия өндіру жатады. Бұлар сарқылмайтын әрі қоғамдық ортаға зиянсыз болып табылады. Күн энергиясына тоқталатын болсам, күннен тікелей алынатын энергия түрі. Күннен келетін сәулені электр энергиясына айналдыру тәсілі. Өте керемет тәсілдердің бірі. Жел энергиясы- ауа қозғалысынан өндірілетін энергия түрі. Желдің қатты жылдамдығы турбиналарды қозғалысқа түсіреді. Ал кейін одан электр энергиясы өндіріледі. Биомасса. Өсімдіктен май өндірілетінін білеміз. Ал майдан жанармай алуға болады. Сол тәрізді этанол мен глюкозадан, саңырауқұлақ, бактерия мен балдырдан жанармай жасалады. Бұл- бензинді алмастыра алатын сұйықтық. Сонымен қатар, баламалы энергияның артықшылықтары мен кемшіліктерін айта кеткім келіп отыр. Артықшылықтары: қалпына келеді, қолжетімді, экологиялық таза және пайдалану шығыны аз. Бір кемшілігі: үлкен аумақты қажет етеді.
Қорытындылай келе, қалпына келетін энергияның келешегі зор. Экологиялық таза, қоры еш уақытта сарқылмайды, оларды пайдалану ауаны ластамайды. Егер біз баламалы энергия көзін тиімді және үнемді пайдаланатын болсақ, бұл біздің келешегіміздің кепілі!
Достарыңызбен бөлісу: |