|
Бесік жыры
|
Баланы жұбатуға арналғанымен, оның ішкі мәнінде, ананың асқақ арманы, күнделікті тіршілік тынысы анық аңғарылады.
|
|
Тұсау кесер
|
Бесікте жатқан жас сәби енді ғана қаз-қаз тұрып, тәй-тәй жүріп, аяғын апыл-тапыл баса түскеен шағында, құламай-сүрінбей тез жүріп кетсін.
|
|
Жүсіп Баласағұн
|
Білімсіздің тілін тыйған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар
|
|
Жүсіп Баласағұн
|
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Бастау кең бұлақ көзі тартылмас
|
|
Жүсіп Баласағұн
|
Адамзатты – топырақ, су, ауа, оттан
Құдіретті күшті жалғыз Алла жаратқан
|
|
Жүсіп Баласағұн
|
Жетер болсаң бұл тірліктің мәніне
Тағдыр өзі-ақ айналады сәніне
|
|
Жүсіп Баласағұн
|
Әуелі оқып, оны ойыңа бере біл
Жақсы сөзді хат жазғанда тере біл
|
|
Жүсіп Баласағұн
|
Адамды Хақ жаратты да ескерді
Оған ақыл, білім, өнер, ес берді
|
|
Жүсіп Баласағұн
|
Надандарды дерт пен бәле үйірер,
Емдемесе, ерте сөніп, күйінер...
|
|
Жүсіп Баласағұн
|
Ақылы болса пайдасын көп көрер
Білім әзіз тірлік өзгерер
|
|
Қабуснаме. Ақылың болса – өнер үйрен.
|
Ей, Перзенттерім! Есіңде болсын: өнерсіз кісі барлық уақытта пайдасыз болар және ешкімге пайдасын тигізбе.
|
|
Қабуснаме. Ата-ананы құрметтеу туралы.
|
Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң
|
|
Қабуснаме. Аманатқа қиянат ету – ерлік емес.
|
Егер саған бір адам аманат тапсырса, мүмкіндігінше оны қабылдама.
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
…
Бекініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан қарындасқа
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен;
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып - айтпай немене,
Құсарлықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!
|
|
Ыбырай Алтынсарин Әке мен бала
|
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.
|
|
Ыбырай Алтынсарин Жомарт
|
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді:
— Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.
Жомарт айтты дейді:
— Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өнебойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиіреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екіншісі: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін.
Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен таңнан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен.
Төртіншісі: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, – деді.
|
|
Бақша ағаштары
|
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді
|
|
Абай Құнанбаева
|
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм[1] қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
|
|
Абай Құнанбаева
|
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға
|
|
Абай Құнанбаева
|
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Әбілет басқан елерме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме,
Түзелмесін білген ез?
«Айтшы айтшылап» жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы-ояу бойкүйез.
Жас баладай жеңісқой,
Байлаулы емес ақыл, ой.
Ойлағаны - айт пен той,
Ыржың-қылжаң ит мінез.
Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, тәңірі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл - арам без.
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.
«Ой, тәңір айшыл» кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек
Болмаған соң, бір есеп -
Мейлі қамқа, мейлі бөз.
|
|
Абай Құнанбаева
|
Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңіл бөл.
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл.
Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел.
Имамсыздық намазда —
Қызылбастың[1] салған жол.
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел?
Берекелі болса ел —
Жағасы жайлау ол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Жан-жағынан күркіреп
Құйып жатса аққан сел,
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер тел.
Берекесі кеткен ел —
Суы ашыған батпақ көл.
Құс қаңқылдап, жағалап,
Сулай алмас жазғы төл.
Оның суын ішкен мал
Тышқақ тиіп, аспас бел.
Көл деп оны кім жайлар,
Суы құрсын, ол бір – шөл.
Единица[2] – жақсысы,
Ерген елі бейне нөл.
Единица нөлсіз-ақ,
Өз басындық болар сол.
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?
|
|
Ахмет Байтұрсынов Қара бұлт
|
Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен
Бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар «я, Құдайлап!»,
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды халық үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.
Теңізге пәрменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге!
Не қайыр қазір сенің жауғаныңнан,
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде!»
* * *
Жиылып кеңес тындап отырғандар,
Ғибрат мұнан да бар алсаңыздар.
Бұлттай жерге жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орынға мал, өнерін
Біреулер жүреді, оған не амал бар?!
Мысалы, қазақ - дала, орыс - теңіз,
Даланы, шама келсе, көгертіңіз.
Мұң десең, мұқтаж десең - қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?
Мақал бар: «Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, - деген, - досқа істеңіз».
Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл таста, ақыл жаста.
Қарышта өз жұртыңа, барың болса,
өзге елдің өзінде көп бізден басқа.
|
|
Ахмет Байтұрсынов егіннің бстары
|
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - деді.
|
|
Шілде
Сұлтанмахмұт Торайғыров
|
Түскендей әуе жерге қырық күн шілде,
Ішкен мас, жегендер тоқ күнде-күнде
|
|
Шілде
Сұлтанмахмұт Торайғыров
|
Көлбеңдеп көкке қарай жердің буы,
Айнадай анадайда көлдің суы
|
|
Кейіптеу
|
Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат,
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып,
Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,
Ән салды домбырамен, құстың шуы
|
|
Мағжан Жұмабаев қысқы жолда
|
Қараңғы түн,сар дала
Көрінбейді айнала
Боран соғып тұр борап
|
|
Мағжан Жұмабаев Сағындым
|
Сағындым айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдымғой, сар даламды сағындым
|
|
Мағжан Жұмабаев қысқы жолда
|
Астымдағы жануар
Зорға борт-борт желеді
|
|
Мағжан Жұмабаев қысқы жолда
|
Екі иінен дем алып
Ішін тартып осқырып
|
|
Мағжан Жұмабаев қысқы жолда
|
Екі санын шапақтап
Біресе сақ-сақ күледі
|
|
Мағжан Жұмабаев Сағындым
|
Не көрсем де Алаш үшін көргенім
|
|
Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік
|
Арқаның Беипақ деген даласы бар
Бетпақ шөл-
|
|
Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік
|
Ботакөз сахарада қына терген
Кім екен жапан түзде
|
|
Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік
|
Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ
|
|
Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік
|
Қап-қара екі көзі мөлдіреген
Әдемі екі тану
|
|
Бейімбет Майлин Қанды кек
|
Күн бесікке келген кезде Көркемтайдың ауылы астан-кестен болды.
|
|
ПОРТРЕТ
|
Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты
|
|
Сәбит Мұқанов Лашын
|
Балтабай ауылы маған аса бір жайлы ауыл боп шықты
|
|
Сәбит Мұқанов Лашын
|
Қазақ халық өлеңінде: «Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
|
|
Ғабит Мүсірепов Қазақ солдаты
|
Зытып келем, зытып келем,
|
|
Ғабит Мүсірепов Қазақ солдаты
|
Мен әлі өліп көргенім жоқпын! - дедім
|
|
Ғабит Мүсірепов Қазақ солдаты
|
Мен қазір оңдамын. Әліпті таяқ деп білмейсің»
|
|
Сырбай Мәуленов Менің Республикам
|
Тауды көрсең күн көзімен таласқан
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан
|
|
Сырбай Мәуленов Менің Республикам
|
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
|
|
Сырбай Мәуленов Менің Республикам
|
Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан
|
|
Фариа Оңғарсынова оюлар
|
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымы алмай!
|
|
Айбек. Қыр елінде
|
Таң алдында салқын самал еседі. Таң алдында құстар әнін шырқайды. Жол бойына өскен жүзім.
|
|
Ғафур Ғұлам Қазақ елінің ұлы тойына
|
Үлкен қазақ – азамат халық
Өзбекпене туысқан анық
|
|
Ғафур Ғұлам Қазақ елінің ұлы тойына
|
Бір тамырмыз, біз шаруамыз
|
|
Ғафур Ғұлам Қазақ елінің ұлы тойына
|
Алтын мұнай көмір, темір
Барлық байлық сенде бар
|
|
Абдулла Арипов Өзбекстан
|
Елім саған, жырды жаздым бүгіннен,
Теңеуінді таба алмастан әлемнен
|
|
Абдулла Арипов Өзбекстан
|
Жүре алмаймын жұмақты да іздеп мен
|
|
Абдулла Арипов Көп болды ғой
|
Көп болды ғой бармағалы ауылға,
Хат жазуға қол да кейде тимейі
|
|
Абдулла Арипов Өзбекстан
|
Анам үшін тым қажет екенімді білсем де
Жұмысым көп ешбір текке жүрмеймін
|
|
Абдулла Арипов Күзгі көрініс
|
Бұтақтардың арасын
Жібек жіптер шырмаған
|
|
Даниэль Дефо Робинзон Крузо
|
1859 жылғы 30 қыркүйек. Біздің кемеміз ашық теңіз бетінде сұрапыл қатты дауылға кездесіп, апатқа ұшырады.
|
|
Бұқар жырау Ай абылай абылай
|
Сені мен көргенд тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің
|
|
Бұқар жырау Ай абылай абылай
|
Күнінде мендей жырлайтын
Мініңді айтып сынайтын тоқсан үште қария енді саған табылмас,
|
|
Бұқар жырау керей қайда барасың
|
Қара көзден жас кетер, бұл қылығың қоймасаң, сонау кеудедегі дулығадай бас кетер.
|
|
Бұқар жырау керей қайда барасың
|
Көшің ктеер бір жаққа, малың кетер бір жаққа
|
|
Дулат Бабатайұлы О ақтан жас, ақтан жас
|
Жарық сәуле көре алмай, ел шаңына ере алмай
|
|
Дулат Бабатайұлы О ақтан жас, ақтан жас
|
Жетімдіктен өтерсің
Шаң бермей әлі кетерсің
|
|
Риторикалық сұраулы сөйлем
|
Балалық өтті, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті көрдің бе?
|
|
Сүйінбай аронұлы Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
|
Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек, Ақылы ауысқан адамның жындысындай, Екеуін салыстырып әдейі айыттым
|
|
Абай Құнанбаев Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
|
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
|
|
Абай Құнанбаев Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
|
Аяңы тымақты алшы кигізгендей,
Кісіні бол-бол қағып жүргізгендей.
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,
Ыза қылдың қолыма бір тигізбей
|
|
|
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.
Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.
Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?[
|
|
31 сөз қара
|
Естігенде бір нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені көргенде я естігенде ғибрәтләну керек , көңілденіп , тұшынып ,ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып,ойланып , көңілге бекіту керек;төртінші ой кеселдерінен қашық болу керек.Егер кез болып қалса,салынбау керек.Ой кеселдері : уайымшы салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я қайғыға салыну, я нәрсеге құмарлық пайда болу . Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер
|
|
11-буынды,
|
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
|
Шығамын тірі болсам адам болып
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров Шығамын тірі болсам адам болып
|
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Мен қазақ
|
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Мен қазақ
|
Кіргені есік, шыққаны тесік болып
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Мен қазақ
|
Алтай, Ертіс,сырдария есіл, жайық
|
|
Мағжан жұмабаев мен кім?
|
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
|
|
Мағжан жұмабаев мен кім?
|
Көкте күнмін, көпке нұрым шашамын
|
|
Мағжан жұмабаев мен кім?
|
Жалынмын мен, келме ақын, - жанарсың
|
|
Мағжан жұмабаев Өнер-білім қайтсе табылар
|
Ер жігіт өнер табар ерте қуса
|
|
Мағжан жұмабаев Өнер-білім қайтсе табылар
|
Тынықпай, дамыл алмай, ертелі-кеш
|
|
Мағжан жұмабаев Өнер-білім қайтсе табылар
|
Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса
|
|
Мағжан жұмабаев Қарағым
|
Жастық, байлық, қол қусырып бос жүру
|
|
Сәкен Сейфуллин Еркін дала
|
Белден асып, аттап басып, От арбда келеміз
|
|
Сәкен Сейфуллин Еркін дала
|
Жасыл мамық, асыл, түрлі кілем жайғандай
|
|
Сәкен Сейфуллин Еркін дала
|
Қалың орман байлық. Көлбеген көк бел анау!
|
|
Эпитет
|
Кеңсің дала, туған ана, көйлегің кең көк ала. Жан беретін, тән беретін, мейірімді ана, сен ған
|
|
Бейімбет Майлин. Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз
|
Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз
|
|
Бейімбет Майлин. Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз
|
Азулының азу тісін тісін сындырып
|
|
Ілияс Жансүгіров анам тілі
|
Қадірлі бағасы алтын анам тілі
|
|
Ілияс Жансүгіров анам тілі
|
Бесікте белін буып бітіскенмін
|
|
Ілияс Жансүгіров анам тілі
|
Тілегенім, қорыққаным бәрі де сен
|
|
Ілияс Жансүгіров Домбыра
|
Домбыра, сенде мін бар ма?
|
|
Ілияс Жансүгіров Домбыра
|
Күй шерінде шек тартты
|
|
Ілияс Жансүгіров Күйге
|
Күй, сені тәтті көрем жаным сүйіп
|
|
Ілияс Жансүгіров Күйге
|
Алайық, ескі күйдің бәрін жиып
|
|
Әбу сарсенбаев Туған жер
|
А, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
|
|
Әбу сарсенбаев Туған жер
|
Сенен артық қасиет жоқ-ты
|
|
Әбу сарсенбаев Туған жер
|
Сәл ұмытсам, қарға мені, кешірме
|
|
Лирика жанры
|
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
|
|
Қасым Амажолов Елге хат
|
Есімде жөнелгенім қанды жолға
|
|
Қасым Амажолов Елге хат
|
Жалбыр тон жетім болып жүргенімде
|
|
Мұқағали мақатаев Туған жерге
|
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң
|
|
Мұқағали мақатаев Туған жерге
|
Бір тынбайды шегірткенің шырылы
|
|
Мұқағали мақатаев Арман қуып
|
Айтпашы, айтпасаңда да білем
|
|
Мұқағали мақатаев Арман қуып
|
Көңілімізід бақтпен алдандырып
|
|
Мқхтар Мағауин Бір атаның балалары
|
Ал, ағайын, мен тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал
|
|
Мұхтар Мағауин Бір атаның балалары
|
Ертеңіне Ахмет Көрші ауылдан Жақан молданы шақыртып, неміс
|
|
Төлеген Айбергенов Адамдар
|
О, адамдар, біргемін мен сендермен
|
|
Төлеген Айбергенов Адамдар
|
Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым
|
|
Төлеген Айбергенов Адамдар
|
Не кездессе өздеріңмен көрмекпін
|
|
Төлеген Айбергенов Арал толқындарында
|
Қарайтын барша құмартып
|
|
Төлеген Айбергенов Арал толқындарында
|
Арманға қанат қақтырсаң
|
|
Қалдыбек Сейданов Өзбек бауырларыма
|
Туысқан, бауыр – өзбегім
|
|
Қалдыбек Сейданов Өзбек бауырларыма
|
Жарқын мінез –кең пейіл
|
|
Қалдыбек Сейданов Өзбек бауырларыма
|
Он жылдығың бұл күнде
|
|
Абдулла Арипов Өзбекстан
|
Жұртым саған жыр арнап бүгін
|
|
Абдулла Арипов Өзбекстан
|
Жүре алмаспын асылды іздеп
|
|
Абдулла Арипов Өзбекстан
|
Екі ғасыр жарты әлемді
|
|
Джек Лондон Мексика ұлы
|
Ривера рингке елеусіз көтерілді
|
|
Қазыбек би толғауы
|
Өркенім өссің десең
|
|
Шөже Қаржаубайұлы
|
Қазіргі көкшетау облысы, қызылту ауданында кедей отбасында туған.
|
|
Шөже Қаржаубайұлы
|
Дәуке, осынша не қылды бейілің қашып.
|
|
ШАл ақын
|
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Есіл өзені жағалауындағы, октябрь
|
|
ШАл ақын
|
Он бес деген жасым-ай
|
|
ШАл ақын Кәрілік
|
Ұлғайып қартаяды жастан адам
|
|
ШАл ақын Кәрілік
|
Кәрілік қартайғанда бастан келер
|
|
ШАл ақын Бұл дүиенің мысалы
|
Ықыласын байқасаң, толқып соққан көлмен тең
|
|
ШАл ақын Бұл дүиенің мысалы
|
Бұл дүиенің мысалы
|
|
ШАл ақын Бұл дүиенің мысалы
|
Атадан мирас ақылың
|
|
Базар Оңдасұлы Сөйле десең, сөйлейін
|
Сөйле десең, сөйлейін
|
|
Базар Оңдасұлы Сөйле десең, сөйлейін
|
Барымды бүгін сермейін
|
|
Базар Оңдасұлы
|
Жігіт жауға шаппай ма,
|
|
Базар Оңдасұлы
|
Атасы жақсы қандай ды,
|
|
Базар Оңдасұлы
|
Қу қанжыға жүйріктен
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Хан емессің қасқырсың
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Исатай деген ағам бар
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Халық қайғысын айтуға
|
|
Аллитерация
|
Кеттің бе, аялдамай асқақ жолға,
Кеттің бе, мені санп әлсіз қорға
Кеттің бе, Абайды ертіп, ата жау боп
|
|
Теңеу
|
Тотыдайын таранған
Сұңқардайын сыланған
Сұлу Жібек бар ма екен?
|
|
Метафора
|
Аш арыстан жолбарысым
Ісімнің білдің оңбасын
|
|
Шернияз Жарылғасұлы
|
Бірікпеді екеуі, осы айтылған кеңесте
|
|
Шернияз Жарылғасұлы
|
Сол уақытта арыстаным
|
|
Абай Құнанбаев Қансонарда бүркітші шығады аңға
|
Қансонарда бүркітші шығады аңға
|
|
Абай Құнанбаев Қансонарда бүркітші шығады аңға
|
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі
|
|
Абай Құнанбаев Қансонарда бүркітші шығады аңға
|
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға
|
|
Абай Құнанбаев Күз
|
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
|
|
Абай Құнанбаев Күз
|
Біреу малма сапсиды
|
|
Абай Құнанбаев
|
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
|
|
Антитеза
|
Қар аппақ, бүркіт-қара, түлкі қызыл, ұқсайды қаса сұлу шомылғанға
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров Бір адамға
|
Бір үйде жиюлы екен қазына мал
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров Бір адамға
|
Ол, рас аталарың шеңге алыпты
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров Бір адамға
|
Суреттер және көрдім жүзі жарқын
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров оқып жүрген жастарға
|
Үмітпенен жол қуған талабы алда баламыз
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
|
Ұйықтапты бір арыстан айдалада
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров Бір адамға
|
Күн қайда құтылатын торды бұзып
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров Бір адамға
|
Балалық жасым өтесің, жігіттікке жетесің
|
|
Ирония
|
Суреттер және көрдім жүзі жарқын
|
|
Сатира
|
Бір адамға өлеңінде
|
|
Мағжан жұмабаев Жазғытұрым
|
Болды, міне дәл айтты ай
|
|
Мағжан жұмабаев Жазғытұрым
|
Бірдеңе деп былдырлап
|
|
Мағжан жұмабаев Қысқы жолда
|
Қараңғы түн сар дала
|
|
Мағжан жұмабаев Қысқы жолда
|
Ішін тартып осқырып
|
|
Мағжан жұмабаев Қысқы жолда
|
Жер жапқан кебінді
|
|
Жамбыл Жабаев Аттандыру
|
Атаңнан бата ал, балам
Арғымақ атқа мін
|
|
Жамбыл Жабаев Атаның әлдиі
|
Ал, Қуаныш, Қуаныш
|
|
Жамбыл Жабаев
|
Түнеу күні кеткеннен
|
|
Жамбыл Жабаев
|
Көңілі бос кәрінің
|
|
Сәкен Сейфуллин сыр сандық
|
Шыр айналар шіркін тауық
|
|
Сәкен Сейфуллин сыр сандық
|
Шыққанбыз дос, шыңға талай
|
|
Ілияс Жансүгіров
|
Ал сайра, жас бұлбұлдар
|
|
Ілияс Жансүгіров
|
Ағынды менің ақсуым
|
|
Ілияс Жансүгіров
|
Ой балалар, балалар!
|
|
Ілияс Жансүгіров
|
Ауыл көшті қыстаудан
|
|
11 буынды
|
Жас бұлбұл құлағына салдым мұны
|
|
Сәбит Мұқанов Саятшы Ораз
|
Ол жылы мен алты жастамын.
|
|
Қасым Аманжолов Өзім туралы
|
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
|
|
Қасыи Аманжолов Ақын өлімі туралы аңыз
|
Майдан етіп дүние төрін
|
|
Қадыр Мырзалиев Табиғат тазалығы
|
Пәк ауаға кешегі кім нанады?!
|
|
Қадыр Мырзалиев Табиғат тазалығы
|
Мұзды мұхит сол, мүмкін қалпында әлі.
|
|
Қадыр Мырзалиев Табиғат тазалығы
|
Бар дейсің бе өмірде азап ондай!
|
|
Қадыр Мырзалиев Өзбектер
|
Ұлы көш бекетінде
|
|
Қадыр Мырзалиев Өзбектер
|
Жақсыға келінге деп,
|
|
Қара өлең ұйқасы
|
Оқыған білер әр сөзді
Надандай болмас ақ көзді
|
|
Шұбыртпалы ұйқас
|
Беркініп садақ асынбай, біртіндеп жауды қашырмай
|
|
Ерікті ұйқас
|
Сіздер кейін тұрыңыз
|
|
Кезекті ұйқас
|
Сәулең болса кеудеңде
|
|
Шалыс ұйқас
|
Шаң шығармас жолдағы
|
|
Егіз ұйқас
|
Алыстан сермеп, жүректен тербеп
|
|
Айбек Өзбекстан
|
Осығой біздің ел деген- алтын да онда гүлдеген
|
|
Сайда Зуннүнова Қызыма
|
Әлем менің құшағымда
|
|
Тілеуберген Жұмамұратов Қазақ досыма
|
Қазақ досым, келсең біздің араға
|
|
Тілеуберген Жұмамұратов
|
Адам болсаң, сен қоғамға керексің
|
|
Генрих гейне Еріксіздер кемесі
|
Биік аспан төрінде самғаған
|
|
Генрих гейне
|
Ылғи жетімбала көзін жаутаңдап,
|
|
Расул Ғамзатов Ана тілім
|
Адам деген не көрмейді түсінде,
|
|
Расул Ғамзатов Ана тілім
|
Мен сүйемін планетаның барлығын
|
|
Расул Ғамзатов Ана тілім
|
Аварша бір жазып қойған құлпы тас
|
|
Алып-ер тұңғаны жоқтау
|
Бектер аты болдырып,
|
|
Алып-ер тұңғаны жоқтау
|
Тағдыр кезін келтірді
|
|
Алып-ер тұңғаны жоқтау
|
Оғын атса дәл кезеп,
|
|
Қорқыт ата нақыл сөздері
|
Ұлың өсіп жетілсе, ол – от басының мерейі
|
|
Қорқыт ата нақыл сөздері
|
Қар қанша қалың жауғанымен, жазға бармас
|
|
Қорқыт ата нақыл сөздері
|
Ат жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы.
|
|
Әбу Насыр әл-Фараби
|
Қашықтасың, туған жер- қалың елім.
|
|
Әбу Насыр әл-Фараби
|
Бауырым қанша сүйгенмен, өтеді өмір күйбеңмен.
|
|
Әбу Насыр әл-Фараби
|
Қағаздың түсіп бетіне
|
|
Әбу Насыр әл-Фараби
|
Өрге жүзген өнегелі ісімен
|
|
Махмұт Қашқари жаз бен қыс айтысы
|
Ауру-сырқау тұнады
|
|
Махмұт Қашқари жаз бен қыс айтысы
|
Шабар атқа күш керек, мінер атқа күш керек
|
|
Махмұт Қашқари жинаған мақал-мәтелдер
|
Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
|
|
Махмұт Қашқари жинаған мақал-мәтелдер
|
Атаның ұлы атасына тартып туады
|
|
Шортанбай қанайұлы
|
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген
|
|
Шортанбай қанайұлы Зар заман
|
Әуелгі қорлар зор болды, Сондай зорлар қор болды.
|
|
Шортанбай қанайұлы Зар заман
|
Жарты кедей жоқ десек
|
|
Шортанбай қанайұлы Зар заман
|
Мына заман қай заман
|
|
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
|
Сыр бойында қазіргі оңтүстік Қазақстан облысы, сарыағаш ауданында туған
|
|
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
|
Ілімге толса көкірек
|
|
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
|
Айтқан сөзің бармайды
|
|
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
|
Аман болса ағайын үлкен кіші жамайым
|
|
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
|
Парасатты ер жігіт
|
|
Мұрат Мөңкеұлы
|
Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз
|
|
Мұрат Мөңкеұлы
|
Ақ көйлек зер шашақтан киінген қыз
|
|
Мұрат Мөңкеұлы
|
Қазақстан Рес.Батыс өлкесіне қарасты Қызылқоға жерінде, Беріш елінде дүниеген келген.
|
|
Мұрат Мөңкеұлы
|
Айдын көлде шуласа
|
|
Мұрат Мөңкеұлы
|
Басы жұмыр бұл пенде
|
|
Мұрат Мөңкеұлы
|
Мен белгілі үйрікпін
|
|
Абай Құнанбаев
|
Өлеі сөздің патшасы, сөз сарасы
|
|
Абай Құнанбаев
|
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы
|
|
Абай Құнанбаев
|
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап
|
|
Абай Құнанбаев Адамның кейбір кездері
|
Сылдырап өңкей келісім
|
|
Абай Құнанбаев
|
Әділет пен ақылға
|
|
Абай Құнанбаев Әбдірахман өліміне
|
Талаптың мініп тұлпарын
|
|
Абай Құнанбаев Әбдірахман өліміне
|
Төре болдың бас болдың
|
|
Міржақып Дулатұлы шешенің балаларын сүюі
|
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын
|
|
Міржақып Дулатұлы Жастарға
|
Найзаменен түртсе де
|
|
Міржақып Дулатұлы Жастарға
|
Етемін үміт жастардан
|
|
Міржақып Дулатұлы
|
Жатпалық, жастар, жатпалық
|
|
Міржақып Дулатұлы
|
Кешегі дұшпан қаһарлы
|
|
Мұхтар Әуезов Қарақ-қараш оқиғасы
|
Қайран Тектім-ай!.. Алпамсадай арысым едің...
|
|
Қасым Аманжолов Туған жер
|
Шықшы тауға қарашы кең далаға
|
|
Қасым Аманжолов Туған жер
|
Уа, дариға алтын бесік туған жер.
|
|
Жұбан Молдағалиев
|
Сүйем гүлдің қызылын, қызғалдағын.
|
|
Жұбан Молдағалиев
|
Қаза тапқан солдаттай ізгі
|
|
Қадыр Мырзаәлі Нұр
|
Бақтың шөлі қанады.
|
|
Қадыр Мырзаәлі
|
Түн кірпігін ілмеді
|
|
Қадыр Мырзаәлі
|
Жылдардан соң жыл аунап
|
|
Олжас Сүлейменов Арғымақ
|
Дала қандай! Даладағы ат қандай
|
|
Олжас Сүлейменов Қыз қуу
|
Ей, ер жігіт, ер жігіт
|
|
Мұқағалидің Төлегенге жазғаны
|
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның
|
|
Төлеген Айбергенов
|
Арманыңды ақтармынба жүрегімде тербесем
|
|
Мұхтар Шаханов Арман
|
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда
|
|
Мұхтар Шаханов Арман
|
Ерте, ерте, ертеде
|
|
Тұрап Айдаров Отаным
|
Орман, тауың, көл шөлің
|
|
Тұрап Айдаров Отаным
|
Өмірімнен таппадым қайғымды мен
|
|
Тұрап Айдаров
|
Тіл тарих ғасыран ғаыр асқан
|
|
Қалдыбек Сейданов
|
Көңілмен көріп осыны
|
|
Қалдыбек Сейданов
|
Кел ағайын кел бауыр
|
|
Қалдыбек Сейданов
|
Тасыма досым тасыма
|
|
Қалдыбек Сейданов
|
Пәк болып келдім өмірге
|
|
Қалдыбек Сейданов
|
Әділдік үшін алысып
|
|
Мекембай омарұлы
|
Түскенде бір ауырлық бар денеңе
|
|
Мақсуд Шайхзада
|
Үміт пен арман болмаса
|
|
Міртемір
|
Құстар шыр-шыр топ-топ ұшар
|
|
Міртемір
|
Өзеннің аясында көрдім мен сені
|
|
Міртемір Абайға арнап жазғаны
|
Алатаудың мәрмәр тасын тұғыр етіп қырандай
|
|
Мұхаммед Юсуф
|
Мен дүниені не қылдым
|
|
Мұхаммед Юсуф
|
Кеудемдегі қуанышым, мойнымдағы тұмарым
|
|
Мұхаммед Юсуф
|
Өтер қанша жылдар тозаңы, Анар сенің жүздерің сұлу,
|
|
Мұхаммед Юсуф
|
Есте қалмас сөздерің сұлу
|
|
Шыңғыс Айтматов Ақ кеме
|
Ол екі ертегі білетін. Біреуі – өзінен басқа тірі жанға белгісіз, сәби қиялынан туған
|
|
Сергей есенин
|
Анама хат, Әйелге хат, Бабама хат арнау өлеңдері
|
|
Сергей Есенин
|
Қарындасыма хат лирик қаһарманның ауылда қалған қарындасына аталған
|
|
Сергей Есенин
|
Қорасанда бір дарбаза бар.
|
|
Сыңсу
|
Заманым өті басымнан
|
|
Антитеза
|
Қара жерге қар жауар, қарды көр де етім көр.
|
|
Асан қайғы
|
Ей, хан мен айтпасам білмейсің
|
|
Қазтуған жырау
|
15-ғасырда жасап, өз соңына бірқатар өлең толғаулар қалдырған аса талантты ақындардың бірі
|
|
Шалкиіз жырау
|
Үш айлығында жетім қалған, нағашы атасының қолында тәрбиеленген
|
|
Доспамбет жырау
|
15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың алғашқы ширегінде жасаған жорықшы жыраулардың бірі
|
|
Ақтамберді жырау
|
17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, аса талантты жыраулардың бірі
|
|
Үмбетей жырау
|
17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың бас кезінде жасаған аса талантты жыраулардың бірі
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Орта белін сырлаған, оқ жаңбырдай жауған күн
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Абайламай айрылдым
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Қара орман малым садаға
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Аспандағы бозторғай
|
|
Махамбет Өтемісұлы
|
Күндердің күні болғанда
|
|
Мақтымқұлы пырағы
|
О, жараңдар жетесі жоқ адамның
Мың айтсаң бір көкейіне
|
|
Мақтымқұлы пырағы
|
Ей жараңдар! Жетесіз ойсыз жандарға
|
|
Мақтымқұлы пырағы
|
Таршылықта кедейлердің көргені
|
|
Мақтымқұлы пырағы
|
Суытылып бабн алған жүйрікке
|
|
Бердақ
|
Қал-жағдайды сұрамай
|
|
Бердақ
|
Ашылған гүл шалғын
|
|
Бердақ
|
Ақылымды алсаң інім
|
|
Мұқыми
|
Өмір бойы жолым болып көрмеді
|
|
Мұқыми
|
Көрінбейтін көлеңкеден күйкімін
|
|
Мұқыми
|
Нұр бейнеңді әлдиледім жүректе
|
|
Зулфия
|
Аралап егістік пен егіндікті
|
|
Зулфия
|
Көктемде сулар тсып сарқырайды
|
|
Татьянаның онегинге жазған хаты
|
Амал жоқ – қайттім білдірмей
|
|
Шоқан Уәлиханов
|
Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі
|