1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді, жүгірді, келді, келеді, епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |