«Балапан» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным». Бөлімі: Экология негіздері Тақырыбы: «Күзгі табиғат»



Дата27.12.2016
өлшемі34,13 Kb.
#6311
«Балапан» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Күзгі табиғат»

Мақсаты: Балаларды жылдың күз мезгілімен, таб иғаттағы күзгі ерекшеліктерімен таныстыру.

Білімділік: Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез – құлық ережелерін түсіндіріп үйрету. Дамытушылық: Зейінділікке, қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар: күз мезгілінің суреті, үлестірмелі материалдар.

Әдіс – тәсілдері: бақылау, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, еңбек іс - әрекеті.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір – бірімен қол ұстасып:

-«Сәлем», - дейміз, - алтын Күн,

-«Сәлем», - дейміз, - Жер-ана.

-«Сәлем», - дейміз баршаңа, - деп, бір – біріне тілектерін айтады.



Балалар әуеннің ырғағымен тербеледі.

Балалар қайталайды.



Ұйымдастырушылық - ізденістік

1.Балалар ақындарының күз мезгілі туралы өлең оқылады.

2.Әңгіме жүргізу.

Балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Сұрақтар:

-Балалар, өлеңде қандай сөздерді кездестірдіңдер?

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

-Күзде жаз мезгіліндей күн ыстық болмайды, күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Адамдар жылы киінеді.

3.Суретпен жұмыс.

Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою.

-Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

-Күзде балабақша ауласындағы жапырақтар, гүлдер, қандай күйде болады?

-Құстар қай жаққа ұшып барады?

4.Сергіту сәті:


Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар

Біп – биік боп өседі.


5.Ойын: «Көкөніс пен жемістер»

Шарты: балалар көкөніс пен жеміс аттарын жаңылмай айтып шығуы тиіс.

6.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Күзгі ағаш жапырақтарын ретімен қалай жапсыру керектігін түсіндіреді.


Балалар қайталап айтады. Балалар педагогтің көмегімен жауап береді.

Алтын күз, күз мезгілі және т.б. сөздерді айтуы мүмкін.

Балалар тақтадағы күз мезгілінң суретіне қарап, педагогтің көмегімен әңгімелейді.

Балалар бір – бірінің жауаптарын толықтырады. Балалар сұрақтарға педагогтің көмегімен жауап беруге тырысады.

-Жапырақтар сарғаяды.

-Гүлдер солады.

-Адамдар жерге түскен жапырақтарды жинайды.

Өлең жолдарын қайталап, мазмұнына қарай қимыл – қозғалыс жасайды.

Балалар ұжым болып бірігіп ойнайды. Балар тапсырманы педагогтің көмегімен орындайды.



Рефлекциялық - түзетушілік

Сабақ соңында серуенге шыққанда күз мезгіліндегі ағаштарды бақылатып, күзгі еңбек туралы әңгімелейді.

Балалар қайталап айтады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: күз мезгілінің ерекшелігін – күннің суытып, жапырақтардың сарғайып түсетінін. Қандай түсініктерді игереді: балалар күн суытқанда жылы киіну қажет екендігін саналарына сіңіреді және күзгі табиғат құбылыстары туралы білімді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғат аясында жүргізетін бақылау жұмыстары мен еңбек іс – әрекеті арқылы табиғатқа деген қамқорлық дағдыларын .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет