- Қан рН 7,2-ден аз болуы;
- Сілтілік жетіспеушілік 10 ммоль/л-ден көп;
- 2 тәулік бойы анурия;
- Айқын гипонатриемия;
- Ми, өкпе шеменінде шамадан тыс сұйықтықтың болуы.
Көрсетілген белгілерден екеуі болса гемодиализ жүргізуге жеткілікті.
Олигоануриялық сатыда емдәмде белок, К, Р, Nа мөлшері төмендетіледі. Сүтті
фосфор көп болған соң шектейді. Уақытша жануарлар белоктарын алып тастайды.
Тәуліктік қажетті сұйықтықты белгісіз жоғалған сұйықтықтың (300-400 мл/м), кешегі
диурездің және патологиялық жоғалтудың ( нәжіс, құсық) қосындысы бойынша
анықтайды. Құсу болмаған кезде сұйықтықтың тәуліктік көлемінің 60-70 % ішкізіледі.
Көк тамырға тамшылы глюкозатұзды ертінді (80%) және коллойдты қаналмастырушы
сұйықтықтар (20%) құяды. Сұйықтық көлемін коррекциялау дене салмағын өлшеу арқылы
жүргізіледі.
Метоболикалық ацидозды қалыптастыру үшін ішуге және көк тамырға гидрокарбо-
нат натрий қолданылады. Азотемияны төмендету үшін сифонды клизма 0,9% натрий
хлорид ертіндісімен жүргізіледі, ішуге энтеросорбенттер (вуален, полифепан) беріледі.
Гиперкалиемияны төмендету үшін көк тамырға 20% глюкоза ертіндісі (4-5 мл/кг)
инсулинмен (1 бірлік 5 г глюкозаға), глюконат кальций беріледі.
ЖБЖ-де инфекцияның қосылу жиелігі жоғары болғандықтан атибиотиктер
тағайында-лады. Антибиотиктер қысқа курспен орташа емдік мөлшерде есептеліп 5 күнге
беріледі, нефротоксикалық және бүйрек арқылы шығарылатын препараттарды
тағайындаудан аулақ болу керек.
Диуретиктер олигоануриялық сатыда тек бүйректің жауап рекциясын анықтау үшін
тәулігіне 1 рет қолданылады. Анурияда қаналмастырушы және белоктік препараттар
тағайындауға болмайды. Минимальды мөлшерде гепаринмен емдеп, кейде емді
глюкокортикоидтармен жалғастыруға болады.