келеді. Бұл жағдайдағы оң энергобаланс қайтымсыз семіздікке бейімдейді. Ересектердегі
аналогиялық оң баланс адипоциттердің қайтымды гипертрофиясына алып келеді.
4.
Артық немесе баланссыз тамақтану
, тағамдық өнімдердің әртүрлі калориялық
бағалығы бар екендігі белгілі, 1 грамм көмірсуда және ақуызда 4 ккал-дан, 1 гр майда 9
ккал. Осыдан семіздік дамуына тағам мәзірінде майларды шектен тыс қолдану жауапты
екенін көруге болады. Сондай-ақ, семіздіктің пайда болуына тағамның құрамы, тамақта-
нудың сипатыда маңызды орын алады. Тағамды ретті қабылдауға қарағанда, жиі ретсіз
қабылдау дене салмағының артуына алып келеді. Семіздігі бар балалар, өздерінің құрдас-
тарына қарағанда қуатты 30% артық пайдаланады. Тәулігіне 50 ккал артық пайдалану, ал
бұл кішкене ғана бөлке және печенье – жылына дене салмағының 2,5 кг-ға артуына әкеліп
соқтырады. Әдетте семіздігі бар балалар қабылдаған тағам көлемін бағалай алмайды.
5.
Гиподинамия.
Соңғы жылдары физикалық белсенділіктің азаюы үдеп келеді.
Балалар
телевизор бағдарламаларын, видеоойындар, компьютерге көп уақыттарын
пайдаланады және үйден тыс жерлерге уақыт аз жұмсалады.
Телевизор қарау және
семіздіктің арасындағы байланысты былайша түсіндіріледі: физикалық белсенділіктің
төмендеуімен, телебағдарлама-ларды қарау кезінде калорияға қажеттіліктің
жоғарлауымен,
қозғалыссыз, отырған күйде негізгі алмасудың төмендеуімен. Қазіргі
уақытта 30% астам балалар телевизор қарауға күніне 5 сағ. артық уақыт жұмсайды, 20
жыл бұрын мұндай балалар екі есе аз болды. Теледидар экраны алдында 3 сағ. астам
уақыт жұмсайтын адамдар да, күніне 1 сағ. қарайтын адамдарға
қарағанда семіздіктің
даму қауіптілігі 2 есе жоғары. Теледидар экрандарында жарнамаланған тағамдардың 90%
астамы жеңіл сіңірілетін көмірсулардан тұратын, құрамында тұзы көп, жоғары калориялы
тағамдар болып табылады.
6.
Психологиялық факторлар
. Бұндай факторлар өте маңызды роль атқарады. Күн-
делікті өмірде әр бір адамның тағамға және физикалық белсенділікке көз-қарасы әр түрлі.
Достарыңызбен бөлісу: