15-ке дейінгі балаларды балалар емханасы қамтиды да, ал, 15-тен асқан балалар
жасөспірімдер кабинеттерінде бақыланады. Сонымен қатар, мектептегі медицина қызмет-
керлері 7 жастан 17–18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдермен қызмет істейді.
Барлық жасқа байланысты топтастыру немесе балалық шақтың жіктелуі
хронологиялық немесе күнтізбелік жасқа сәйкес жүреді.
Күні бүгінге дейін жүргізіліп отырған балалық шақты
шектеу көрсеткіштерінің
болашағы жоқ. Бұл көрсеткіштер балалық шақты 0–14 жаспен шектейді. Қазақстан
Республикасының Баланың құқын қорғау халықаралық конвенцияға қол қойғаны белгілі.
Бұл дүниежүзілік ұйымының шешімі бойынша балалык шақ туылғаннан бастап 18-ге
толғанша созылады. Демек, біздің елде де осы көрсеткіш толық қабылдануы керек. Бұл
көрсеткіштерге бозбалалық (бойжеткендер) кезеңі де кіреді. Көптеген ғалымдардың пікірі
бойынша балалық шақтың бітуі олардың физикалық
және жыныстық жетілуімен
бейнеледі. Бұл пікір дұрыс емес, өйткені бұл биологизаторлық тұрғыдан бейнелейтін
немқұрай көзқарас. Адамның ересектігі
тек тұлғасының мөлшерімен, өзіне ұқсастарды
өмірге келтірумен ғана шешілмейтіндігі баршаға аян. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының (ДДҰ) Сарапшылар Комитетінің 1977 жылғы
шешімі бойынша бозбалалық
кезең 10-жастан 20 жас аралығы болып есептеледі. Бұл кезең екіге бөлінеді: 10-15 жас
аралығы, жыныстық даму қарқынды жүретін, өзіндік пубертатты кезең. Ал, екінші
бесжылдық 16-20 жас – әлеуметтік жетілу кезеңшесі ретінде бөлінеді. Бұл жылдары
бозбалалар мен бойжеткендер өздеріне тән арнайы
жыныстық маңызын игереді,
мамандығын таңдап, оны әртүрлі дәрежеде игереді.
Достарыңызбен бөлісу: