тәулік бойына ішкен сұйықтықтың 75-80 % зәр күйінде шығарылуы керек. Ал, одан 20 %
артық кем болса – олигоурия, 1/5 бөлігінен кем болса – анурия, 2 еседен артық болса –
полиурия болып есептелінеді.
Полиурия қантты және қантсыз диабетте, ісіктің тарау кезінде байқалады.
Олигоурия сұйықтықты аз ішкенде, қызба байқалатын ауруларда, құсып, іші өткенде,
жүрек қан тамырлары жұмысының жеткіліксіздігінде, жедел бүйрек жарамсыздығында
байқалады.
Әрбір бөліктің меншікті салмағы анықталады. Тәулік бойына несептің меншікті
салмағы зәр мөлшеріне сәйкес өзгеріп отырады. Зәрдің мөлшері көбейсе – төмендейді, зәр
мөлшері азайса – көбейеді. Бір жасқа дейінгі балаларда төменірек (1002-1007), 1-3 жаста –
1010-1017, 3-6 жаста – 1012-1020, 10-12 жаста – 1011-1025 болады. Зимницкий
сынамасында ең кіші және ең үлкен меншікті салмақтардың айырмашылығы 10-нан, ал
меншікті салмақтың ең болмаса біреуі 1020-дан (ерте жастағы балаларда 1018) кем
болмауы керек. Бұндай жағдайда бүйректің концентрациялау қызметі қалыпты болып
есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: