бифидус-фактор
деп аталады. Ана
сүтінің бифидогендігі, сиыр сүтіне қарағанда, 40 есе артық балады. Қанттардың ішінде,
көбіне галактоза моносахаридының болуына байланысты, биологиялық маңызды болып
келеді. Галактоза, глюкозаға қарағанда жаңа туылған кезеңде жақсы пайдаланылып,
мидың галактозоцереброзидтерінің синтезделуіне тікелей ықпал етеді.
Ана сүтінде негізінен дисахаридтер (лактоза) болады. Олардың энергетикалық
құндылығы 2-есе артық, ал осмолярдығы моносахаридтермен бірдей болады. Бұл ішек
ішіндегі сұйықтықтың қысымын 300 масм/л етеді, электролиттердің қосылуымен
құралатын, осмотикалық тепе-тендікті қамтамасыз етеді. Бұл құбылыс ішіктен тағамдық
заттардың сорылуына ең ыңғайлы жағдай болып келеді.
Осмолярлықтың артуы сүт қоспаларын қантпен байытқанда байқалады. Ана сүті мен
сиыр сүтінің минеральдық құрамында да айырмашылық бар.
299
Ана сүтінде, сиыр сүтіне қарағанда, минеральдық тұздар аз. Бүйрегінің экскреторлық
функциясы төмен болатын алғашқы айлардағы балалардың организмінде осмостық
активті иондардың тоқтап қалмауын қамтамасыз ететін болғандықтан, бұның айтарлықтай
маңызы бар. Сонымен қатар, организмге натриймен ерте салмақ түсіру өсе келе
гипертонияның пайда болуына әсер етеді, деп есептелінеді. Кейбір элементтердің
қатынасының айтарлықтай айырмашылығы бар. Мысалы, ана сүтінде фосфор мен
кальцийдің қатынасы 1:2 болса, сиыр сүтінде 1:1 болады. Бұның олардың сіңірілуіне
(тамақтың құрамынан сіңірілуіне) қатынасы бар. Ана сүтінің сіңірілу коэффициенті
(кальцийдің сіңірілуі тамақ құрамындағы кальций мөлшеріне қатынасы) 60%-дан артық
болса, сиыр сүтінде 20%-ақ болады. Бұның сүйек тканінің минерализациялану процесінде
айтарлықтай маңызы бар. Кальцийдің сіңірілу коэффициентіне Д витаминінің активтілігі
ана сүтінде, сиыр сүтіне қарағанда, артық болады. Жаңа туылған балалардың организмін-
де кальций мен фосфордың қоры болмайтын болғандықтан, олар минеральдық заттарды
тамақпен ғана қабылдайды. Балалар ана сүтімен тәулігіне дене салмағына 0,03-0,05 г
фосфор мен кальций, 0,006 г/кг магний алғанда, зат алмасудың ең ыңғайлы көрсеткіштері
байқалады. Ана сүті, сиыр сүтіне қарағанда, темірге, мысқа, мырышқа айтарлықтай бай
болып келеді. Дегенмен, бұндай артықшылықтарға қарамастан, ана сүті бала организмінің
кальцийға, темірге, мысқа мұқтаждығын толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан,
табиғи тамақтандыруда бұл минеральдық заттарды толықтырып отыру керек.
Ана сүтінің құрамындағы витаминдер жыл кезеңіне және бала емізетін ананың
тағамының витаминдік құндылығына байланысты. Ана сүтінде, сиыр сүтімен
салыстырғанда, майда еритін витаминдер (А, Д, Е) айтарлықтай көп болады.
Ана сүтіндегі Д витаминінің мөлшерінен активтілігі айтарлықтай артық екені белгілі
болып отыр, өйткені, ана сүтінің құрамында Д витаминінің активті метаболиттер (25-
гидроксихолекальциферол, 1,25-гидроксиколекальциферол) бар. Олардың активтігі таза,
Д
3
витаминіне (холекальциферол) қарағанда, 100-10000 есе артық болып келеді. Солай
бола тұрсада, сиыр сүтінде ана сүтімен салыстырғанда, тиамин – 2 есе, рибофлавин – 3
есе, пантотен қышқылы – 3-4 есе, биотин – 5-6 есе, В
12
витамині – 10-11 есе артық болады.
Дегенмен, сиыр сүтін қайнатып пісіргенде, сүт қоспаларын дайындау үшін, сұйылтқанда
витаминдер мөлшері күрт азаяды, сондықтан, бұны жасанды сүт қоспаларымен
тамақтандырғанда ескеріп отыру керек (сүт қоспаларын витаминдермен толықтыру,
жеміс-жидек шырындарын немесе үгінділерін ерте беру).
Еліміздің кейбір аймақтарында балаларды тамақтандыруға сиыр сүтімен қатар бие,
түйе, ешкі, қой сүттері де қолданылады.
Бие сүті белоктың құрамы бойынша ана сүтіне жақындау келеді. Бие сүтінін
құрамында еритін азоттық заттар көп болғандықтан, ұйығанда қатты қойылмайды,
өйткені, оның құрамындағы казеин кішкене нәзік үлпек сияқты болып тұнады. Бие сүтінің
белоктары оңай сіңірілетін болғандықтан, оның қоректік құндылығы сиыр сүтінен артық
болып келеді (И. М. Воронцов, А. В. Мазурин, 1977).
Лакстың мәліметі бойынша (И. М. Воронцов, А. В. Мазурин бойынша беріліп отыр)
бие сүтінің құрамында каприл 2,29 %, каприн 2,19 % және олеин қышқылы 67,8 %. Демек,
бие сүтінің құрамындағы олеин қышқылының мөлшері, оның ана сүтіндегі мөлшеріне
жақын келеді.
Түйе сүтінде фосфор және кальций тұздары көп болғандықтан, балаларды
тамақтандыратын тағамдардың арасында маңызды орын алады (И. М. Воронцов, А. В.
Мазурин, 1977).
Түйе және бие сүтінің майы сиыр сүтінің майынан қолайлы айырмашылығы бар.
Олар-дың май шарларының мөлшері кішкене болып келеді де, жеңіл гидролизденіп, орга-
низмге оңай сіңіріледі. Сонымен катар, бие мен түйе сүті қанықпаған май қышқылдармен
бай болып келеді (Р. X. Кадырова, 1985). Бұл сүттердің бұндай ерекшеліктері
бактериоцидтік қасиетін, қайнау және қату температурасының төмен болуынан
байланысты, қамтамасыз етеді.
300
Түйе мен бие сүттерінің көмірсулары жыл мезгіліне, туған кезеңіне, өзіндік
ерекшеліктеріне байланысты емес. Сиыр сүті сияқты, түйе мен бие сүттерінің
көмірсулары 100 % сіңіріледі.
Мыс, кобальт сияқты өмірге қажетті микроэлементтер мөлшері түйе және бие сүтінде
сиыр сүтіне қарағанда, айтарлықтай артық болады, ал темір мөлшері бойынша сиыр
сүтінен қалыс қалмайды.
Түйе мен бие сүттерінің құрамында, оның бактериостатикалық қасиетін қамтамасыз
ететін, лизоцимдер, аглютининдер, антитоксиндер, бактериолизиндер, иммундық
денешіктер анықталады.
Түйе сүтінің құрамында сүт қышқылды таяқшалар, сүт-қышқылды стрептококктар
және басқа микроорганизмдер анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |