2.3. ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕР Терминологиясы . Жүктіліктің толық аяқталмаған 37 аптасынан бұрын туылған
балалар шала туылған нәрестелер деп аталады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 22 қаңтар 2002 жылғы №61 бұйрығына сәйкес
Республикада ДДҰ ұсыныстарының енгізілуіне байланысты неонатологияда нәресте
салмағына қатысты дене массасы 2500 граммнан төмен барлық нәрестелерді – массасы аз
ЖТН деп атайды.
Оларды мынандай топтарға бөледі:
-
2500 – 1500 г – туылған кезде салмағы аз (төмен) нәрестелер;
-
1500 – 1000 г – салмағы өте аз (өте төмен) нәрестелер;
-
1000 г – салмағы экстремальды аз(төмен) нәрестелер.
339
Қазақстан Республикасы ДДҰ ұсынысы бойынша «тірітуылу» мен «өлітуылу»
сипатбелгілірін (критерияларын) 2008 жылдың қаңтар айынан бастап толық енгізіп,
барлық статистикалық көрсеткіштер жаңаша есептеледі.
Осыған байланысты барлық денсаулық сақтау мекемелері барлық тірі және өлі
туылған, туылған уақытында салмағы 500 грамм және одан көбірек, денесінің ұзындығы
25 см және одан ұзынырақ, жүктіліктің мерзімі 22 апта және одан көбірек болған
балаларды арнамалы тіркеуден өткізуге міндетті.
Мезгілінен бұрын босану мынандай себептер-кешенінен тұрады:
1. Әлеуметтік – экономикалық факторлар:
кәсіби зияндылықтар (зиянды өнеркәсіпте, компьютермен, ауыр металдардың
тұздарымен, химреактивтермен және т.б. жұмыс жасау);
ата - аналарының білім деңгейі (анасының, сондай-ақ әкесінің білім деңгейі
қаншалықты төмен болса, нәрестенің шала туылу соншалықты жоғары);
әйелдің өзінің жүктілікке көзқарасы (қалаусыз, яғни қажет емес жүктілік, әсіресе
некеде тұрмаған әйелдерде болған жағдайда шала туылған нәрестенің дүниеге келу
мүмкіндігі 2 есе жиі);
ата – анасының
шылым шегуі салмағы аз нәрестенің туылуының қауіпті факторы
болып саналады. Темекі тартатын әйелдерде жүктілік асқынулары байқалып,
плацентаның орнынан ығысуы, мезгілінен бұрын ажырауы және ұрық қуығының
жыртылуы саналады.
ата – аналарының
алкоголь мен/немесе анашаны пайдалануы шала туылудың жиілігін
арттырады.
2. Әлеуметтік – биологиялық факторлар:
ананың (жасы 17 жастан кіші бірінші және жасы 30 жастан жоғары кеш босанушы)
және
әкесінің (жасы 17 жастан кіші) жасы;
ұрық қуығы жыртылғаныны немесе жыртылмағанына қарамастан
субклиникалық ағымда жүретін инфекция және бактерия тасымалдаушылық мезгілінен бұрын
босанудың себепкері болуы ықтимал;
бұрынғы түсіктер ;
жүкті әйелдің жеткілікті қоректенбеуі ;
3. Клиникалық факторлар:
анасының
экстрагениталды аурулары (әсіресе жүктілік кезінде өршігенде немесе
олардың декомпенсациясында);
анасындағы
антифосфолипидті синдром, тромбофилия ;
анасындағы
несеп – жыныс жүйесінің созылмалы аурулары ;
жүктілік кезіндегі жасалған
әр түрлі операциялар ;
психологиялық және физикалық жарақаттар ;
4 аптадан ұзағырақ болған
гестоздар; 4. Экстракорпоральды ұрықтандыру;
5.
Көпұрықтық жүктіліктердің шамамен жартысы мезгілінен бұрын босанумен
аяқталады.
Шала туылғандықтың негізгі сипатбелгісі (критериясы) жүктіліктің мерзімі, яғни
гестациялық жасы саналады.
ДДҰ 1974 жылдан бастап өмір сүруге қабілеті бар деп, жүктіліктің мерзімі 22
аптадан кем болмаған жағдайда, туылған уақытындағы салмағы 500 граммнан жоғары
балаларды есептеуді ұсынған болатынды. Алдында айтылғандай бұл ұсыныс 2008 жылдан
бастап елімізде толықтай енгізілді.
Қазіргі кезде шала туылудың дәрежесін жүктіліктің мерзіміне (гестациялық жасына)
сәйкес анықтау қолданылады:
1 дәрежесі – 35 – 37 апта
2 дәрежесі – 32 – 34 апта
340
3 дәрежесі – 29 – 31 апта
4 дәрежесі – 29 аптаға дейін.
Шала туылуға ықпал ететін факторлар төмендегідей болад:
Жүктіліктің мезгілінен бұрын үзілуі көбінесе