көрсеткіштер бар: қатты 1 шапалақ тәрізді І тон, ІІ тоннан кейін пайда болатын және
мүшелі сөз шығаратын (“бөдене ырғағы”) ашық қос жармалы қақпақтың ашылу тоны,
өкпе артериясында 2 тон күшейеді.
ЭКГ-да сол жүрекшенің миокардының гипертрофиясының белгісі байқалады.
Рентгенограммада – веноздық және артериялық өкпе гипертензиясының белгілері болады,
сол жүрекше үлкейеді.
Ақаудың ІІІ-ші сатысында жүрек шекаралары жоғарыға және оңға қарай кеңейеді.
Жүрек ұшының аймағында диастолалық діріл – “мысық пырылы” (тарылған тесік арқылы
өткен қан дірілі) анықталады. Аускультация жасағанда жүрек ұшында І тон өкпе артерия-
сында ІІ тон күшейеді, қос жармалы қақпақтың ашылу тоны және тұтас диастолалық шу
естіледі. ЭКГ-да сол жүрекше және оң қарынша миокардының гипертрофиясының
белгілері байқалады. Рентгенограммада веноздық және артериялық тоқырау белгілері
айқын білінеді, сол жүрекшенің және оң бөліктерінің үлкейгені байқалады.
Ақаудың ІV-ші сатысында аускультациялық өзіне тән митральды тарылудың күйі
(сазы) сақталады. Бірақ өкпе гипертензиясы үлкен болғанда және жүректен қан айналу
төмендегенде, тарылудың айқындылығына қарамастан, диастолалық шудың ұзақтығы
кішірейеді. ЭКГ- да екі жүрекшенің және оң қарыншаның дистрофиясының және
гипертрофиясының белгілері анықталады. Эхокардиографияда қос жармалы қақпақтың
алдыңғы жабылу жалдамдығының төмендеу, алдыңғы жарманың амплитудасының
кішіреюі, оң қарынша және сол жүрекшенің диаметрінің үлкеюі митральды жармалардың
қалыңдап, өзгеруімен қосарланып байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: