Дистрофиялық фазасы.
Ішкі мүшелер жетіспеушілігі (жүректік, бүйректік,
бауырлық және басқалар) белгілері.
Балалар инфекциялық эндокардит
диагностикасы
, әсіресе процесстің минимальды
активті дәрежесінде, біршама қиын болып келеді. Диагноз қоюда әтүрлі мәліметтер еске
алынады.
Қабыну процессінің активтілігінің белгілері
(солға ығысқан нейтрофильді
лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, С-реактивті белоктің, сиал қышқылының, фибриногеннің
артуы және басқалар).
Қанды патогенді флораға себу
(48 сағат бойына 3-6 сынама жүргізеді). Қанды
бірнеше венадан (әр сынаманы 3 пробиркаға 5мл) алады. Бактеремия ұзақ уақыт
байқалады, сондықтан артериальды қан алудың және қызба кезінде қан алудың қажеті
жоқ. Себу нәтижесі теріс болған жағдайда, эндокардит диагнозы нақтылы клиникалық
деректер негізінде қойылады. Сонымен қатар инфекция ошақтарынанда алып, себеді.
Зәрдегі өзгерістер
– микро- немесе макрогематурия, кейде – бактериурия.
Аурудың соңғы сатыларындағы қандағы өзгерістер
– гипохромды анемия, тұтыну
лейкопениясы, протеинограммада α-глобуллиндер фракциясының артуы.
ЭхоКГ
инфекциялық эндокардитті анықтаудың ең негізгі қосымша зерттеу әдісі
болып келеді. Қақпақ жармаларында, жүрек қабырғаларында тромботикалық вегетациялар
тек аурудың соңғы сатыларында (3-4 апталарда) анықталады.
ЭКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы, иммунологиялық зерттеулер және басқалар
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |