(немесе ұйқысының қанбауы), ұмытшақтық, зейіннің төмендігі, ашушаңдық, өкпелегіштік,
жылауықтық, қорқыныш сезімі, басы айналып, орнынан тұрғанда көзі қарауытуы, жүрек
тұсы шаншып ауыруы, тәбеттің төмендеуі, іштін ауыруы, үлкен дәреттің тұрақсыздығы
мен іштің қатуы; солармен қатар, буындары мен түтікше сүйектердің сырқырап ауыруы,
бұлшыкеттердін ауыруы мен қол-аяқ ұйып, мұздауы, мұрыннан қан ағуы, субфебрилитет,
талып қалуы (синкопе). Осы шағымдар мен белгілерді –
жастық неврологиялық,
церебральдық, жүрек-қантамырлық, асқазан-ішектік
белгілері кешені деп топтап, төртке
бөледі. Ауа-райы өзгерген кезде бұл шағымдардың көбейетіні байқалады. Бас ауыруы мен
басқа да неврологиялық шағымдар мидың қанмен қамтамасыз етілуінін, оның артериялық,
веналық бөліктеріндегі өзгерістеріне байланысты.
Клиникалық белгілер бірден-ақ немесе кейінірек вагоинсулярлық немесе аралас
жүретін пароксизмдер, криздермен ұштасады. Көбінесе криздер баланың аз уакытқа
есінен айырылуы, талып кетулерімен айқындалады. Олардың көрінуіне себепші үрейлену,
ашулану сияқты эмоциялар (вазовагальдық немесе рефлекторлық ес жоғалту) немесе
қапырық бөлмеде, қатты шаршағанда, орнынан тез тұруға байланысты жағдайлар
(ортостатикалық немесе синокаротидтік ес жоғалту). Гипотониялық криздер кей жағдайда
басының қатты ауырып, жастықтан басын көтере алмауы, тым әлсіздік байқалады. Сирек
жағдайда бас ауыру жүрек айнуымен бірге білініп, тек құсқан соң ғана басылады.
Аг-сы бар балаларда жүрегінің соғуы жиілеуі немесе сиреуі, жүрек тондарының
бәсең естілуі, қысқа систолалық шу естілуі жиі кездеседі. Қанның минуттық көлемі
жоғарлап, осы кезде шеткі қантамырлардың тарылуы Аг-ның гиперкинетикалық түрінде
жиі, ал, керісінше, гипокинетикалық түрінде минуттық көлемнің төмендеуі – сиректеу
байқалады. Көздің артқы жағында (түбінде) Аг-ға тән ұсақ артериолалар мен веналардың
бірдей кеңейгені көрінеді. Көз түбі артериолаларының тарылуы (ангиоспазм), сонымен
қатар, веналардың кеңеюі бас сүйегі ішіндегі гипертензиялық синдромға тән. Соңғы
синдром перинатальдық немесе жүре болған ми жарақаттарының қалдықты салдарында,
ликвордың қысымы көбейіп немесе азайғанда жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: