Ағымы және ақыры. Болжамы процесстің өзінің сипатымен және мерзімінде және
ауруға сәйкес ем жүргізілуімен анықталады. Жедел дамуы және Стилл синдромы аурудың
болжамын ауырлатады, дегенмен ЮРА науқастың өміріне сирек қауіп туғызады, негізінен
болжамы жағымды болып келеді. Көбіне ұзақ ремиссия (75%-да) байқалады.
Болжамы серопозитивті науқастардың полиартритикалық және жүйелі түрлерінде
буын функциялары тұрғысынан жағымсыздау болып келеді. Мүгедектік әдете, ұршық
буыны зақымдалғанда және увеитте байқалады. Негізгі ауру болып келетін ревматикалық
604
аурулардан көрі өлім себебі ретінде инфекциялар қарастырылады. Болжамының
жағымсыздығы бүйрек амилоидазы дамығанда ауырлай түседі.