Диагноз. ТП диагнозы критериялары: 1. Ауру;
2. Торлы ливедо (тері суретінің тармақты өзгерістері);
3. Аталық безде ауырсынуы (орхит, эпидидимит);
4. Миалгиялар; аяқ бұлшық еттерінде әлсіздік және ауырсыну;
5. Мононеврит немесе полинейропатия;
6. Артериялық диастолалық қысымның жоғарлау;
7. Қанда мочевина немесе креатинин мөлшерінің артуы;
8. В гепатиті вирусының беткей антигені немесе оған қарсы антидененің болуы;
9. Артериографиялық өзгерістер (ангиографияда висцеральды артериялардың анев-
ризмдері немесе окклюзиясы);
10. Морфологиялық зерттеулерде ұсақ және орташа тамырлардың қабырғаларында
гранулоцитарлы және мононуклеарлы -жасушалы инфильтрация.
Кезкелген үш және одан артық критериялардың анықталуы УП диагнозын қоюға
мүмкіндік береді. Маңызды клиникалық белгілер болып терінің зақымдалулары (пальпа-
цияланатын пурпура, некротикалық өзгерістер, саусақ ұшының инфарктары) есептеледі.