Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Екіншілік жаралар болуы мүмкін



Pdf көрінісі
бет1016/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1012   1013   1014   1015   1016   1017   1018   1019   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Екіншілік жаралар болуы мүмкін:

гепатогенді жаралар
 
– бауырда гастрин мен гистаминнің активсізденуінің төмендеуі;

панкреотогенді – 
бикарбинаттар өнімі төмендеп, кининдер өнімі арытқанда;

гипоксиялық 
– өкпе-жүрек жетіспеушілігінде;

дәнекер тіндердің диффузды ауруларында

микроциркуляцияның бұзылуына бай-
ланысты; 

созылмалы бүйрек жетіспеушлігінде
 – 
бүйректерде гастрин бұзылуының азаюы және
асқазанда қорғаныстық кедергінің бұзылуы нәтижесінде болады. 
Емі
режимді, емдәмді, дәрілік және дәрілік емес, сонымен қатар рецедивтік және
қабынудың алдын алуды қамтып, кешенді болуы керек. 
Төсектік режим қарқынды ауру байқалған кезде тағайындалады. 
Емдәм асқазанды механикалық, химиялық, термикалық аяушылық негізінде құрылу
керек. Тағам құрамынан ащы қосындылар, ас тұзы және холестеринге бай тағамдар алып
тасталады. Тағамды күніне 4-5 рет қабылдау керек. Аурдың жедел сатысында №1а, №1б,
№1 емдәмдер қолданылады. 
Балалар ОЖА 
фармакотерапиясы
. Келесі препараттар топтары қолданылады:
1.
Асқазан сөлінің құрамының жаугершілік қасиетін төмендететін дәрілер
:
• антацидті дәрілер (альмагель, фосфалюгель, маалокс, мегалак, викаир, викалин) 2-3
апта бойына тамақтан 1,5- 2 сағат бұрын және ұйқы алдында беріледі.
• сөлініске қарсы әсер ететін дәрілер:
-
протонды помпаның ингибиторлары (ППИ) (омепразол, лосек, лопрал, нексиум,
пантопрозол) балаларда тәулігіне 0,5-1,0 мг/кг есебінен тағайындалады;
-
Н
2
-гистаминрецепторлар блокаторларының ІІ-ІІІ ұрпақтары (фамотидин, гастросидин
тәулігіне 40 мг/кг; низатидин, аксид тәуілігіне 20-40 мг: роксатидин тәулігіне 2-40 мг)
қолданылады. 
-
селективті м-холинолитиктер (пиренцепин, гастроцепин 2-3 апта бойына ертеңгісін
және кешкісін 25 мг, риабол күніне 1 мг\кг-нан 3 рет) қолданылады.
2. Гастродуоденальды моторикасын реттеуші заттар:
• спазмолитиктер (папаверин, но-шпа, дюспаталин) спастикалық арусынуларда эпизодты
қолданылады;
623


• дофамин антагонистері (церукал -2-5мг, мотилиум 5-15мг) 10-14 күн бойына рефлюкс
байқалғанда тамаққа дейін және түнге қарай қолданылады. 
Кілегей қабатының қорғаныстық қаситетін арттыратын заттар:
• кілегей түзушілер (карбеноксолон 50-100мг тамақтан кейін күніне 3 рет 1-2 ай бойына)
• пленкатүзуші дәрілер (сукральфат, денол);
• синтетикалық простогландиндер (мизопростол, реопростил, арбапростил);
• кілегей қабатының регенерциясын жақсартатын селективті емес заттар. 
3.
Антибактериальды заттар
. Нр -ның ульцерогенезде алатын орнын ескере
отырып, маңызды емдік және рецидивке қарсы мақсатта Нр эррадикациясы ерекше орын
алады.
Маастрихт келісімі ІІІ бойынша Нр алғашқы анықталғанда үшкомпоненті ем
(«алғашқы сызық») пайдаланылады: ППИ немесе Фамотидин+ амоксициллин немесе
кларитромицин + фуразолидин немесе метронидазол – 10-14 күн бойына тәулігіне 2 рет
беріледі. Ем курсы біткеннен соң 1 айдан кейін, әдетте тыныстық хелик-тестті
пайдаланып, Нр эррадикациясы тексеріледі. 
Егер эррадикация тиімсіз болса немесе Нр реинфекциясында «алғашқы сызықтан» 4
айдан кейін «екінші сызық» емін – төрткомпонентті эррадикция жобасы: ППИ+денол+
макмирор немесе метронидазол+ тетрациклин (12 жастан үлкен балалар үшін) немесе
левофлоксацин немесе кларитромицин – 10-14 күн бойына қолданады. 
Ем басынан 2-3 апта өткеннен кейін жүргізілетін бақылау ЭГДС-та жараның
тыртықтануы байқалмаса әсер етудің эндоскопиялық әдістері (лазеротерапия,
медициналық желіммен желімдеу, солкосерилмен сулау). 
ОЖА нейроциркуляторлы дисфункциямен қосарланатын болса транквилизаторлар,
тыныштандыратын шөптер тағайындалады, 2 рет 0,005мг/кг есебінен берілетін сульпирид
(эглонил) тиімді әсер етеді. ОЖА 
оталау емі
жүргізіледі:
1.
перфорация;
2.
консервативтік емге көнбейтін жараның пенетрациясы;
3. тоқтамайтын көлемді қан кету;
4. пилодуоденальды тарылуда субкомпенсацияланған тыртық.
ОЖА-да рецидивке қарсы емнің негізінде, жараны алғашқы анықталғаннан
басталатын, Нр эррадикациясы жатады. 
Алдын алу
ОЖА-да оның қалыптасуына ықпал ететін сыртқы факторларды жоюмен
қатар, жара алдынғы жағдайларды анықтау және емдеу жатады. А.В. Новиков пен В.М.
Успенскийдің ұсынысы бойынша, балада, кейбір жағдайларда жара ауруына айналуы
мүмкін тұқым қуалау нәтижесінде қалыптасатын асқазан және он екі сақиналы ішек
морфофункциялық ерекшеліктері жара алдынғы жағдайлар ретінде қарастырылуы керек.
Жинағының әсерінен ОЖА қалыптасуы әбден мүмкін критериялар анықталған: 
1.
ОЖА бойынша тұқымқуалауының ауыр дәрежеде болуы, әсіресе
ОЖА туыстарының бірінші ұрпағында байқалатын болса;
2. асқазанның қышқылдық-пептикалық агрессиясының, әсіресе базальдық, артуы;
3. пепиноген -1 деңгейінің қандағы және зәрдегі мөлшерінің артуы;
4. фентотипте пепсиногеннің Pg3 фракциясының басымдылығы;
5. дуоденальды сөлде муцин мен бикарбонаттардың төмендеуі.
Баланың 1(АВО) қан тобының және ваготония белгілерініңде маңызы бар. Тұқым
қуалайтын бейімділіктің ОЖА ретінде іске асуы Нр-ассоцияланған гастродуоденит
арқылы іске асатын болғандықтан, олда жара алдындағы жағдайдың маңызды
критерияларына жатады. 
Диспансерлік бақылау өмірбойына, бірінші жылы өршуден кейін жылына 4 рет,
екінші жылы – жылына 2 рет жүргізіледі. Динамикалық бақылаудың, сұрастыру, қараумен
қатар маңызды әдістеріне эндоскопиялық зерттеу жатады. Динамикада Нр-мен
инфекциялануын бағалап, эррадикацияға қол жеткізуге тырысу керек.
624




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1012   1013   1014   1015   1016   1017   1018   1019   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет