СП-
тің өршу кезіндегі
емі
ЖП
-нің
емі
секілді. СП-тің ремиссия кезінде аяушы ем-
дәмді ұстайды, дене тәрбиесімен балалар дайындық тобында айналасады. Жылына 3-4 рет
безде зат алмасу процесстерін қалыптастыруға бағышталған, рецидивке қарсы ем
жүргізіледі. Метилурацил, эхинацея, поливитаминдер, физиотерапия (лидазамен
электрофорез, никатин қышқылы), озокерит, ұйқы безінің тұсына балшық қолданылады.
Жүргізілген ем фонында ферменттік дәрілерді, копрограммамен бақылап, алып
тастаған жөн.
Панкреатикалық жетіспеушіліктің белгілері қайтпай сақталып тұратын болса
орынбасатын ферменттік емді (креон, панцитрат және басқалар) төменгі жеткілікті дозада
өмір бойы ішуге тура келеді.
СП -ті оталау әдісімен емдеу көрсеткіштері:
1. ұйқы безінің кистасы;
2. стеноздық дуоденостаз;
3. холедоханың тарылуы немесе обтурациясы;
4. фатеров емізікшесі аймағында тыртықтық тарылу.
Санаторлық-курорттық ем жергілікі санаторияларда және Железноводск, Ессентуки,
Моршин санаторияларында жүргізіледі. Минеральды суларды жылы күйінде, гассыз,
аздап 50-100 мл-ден 5-6 рет тамақтың арасында ішеді.
Өршудің алдын-алу рецидивке қарсы еммен қатар тұрақты аяушылық емдәммен
және асқорыту мүшелерінің қосалқы ауруларын емдеу арқылы іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |