Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1041/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1037   1038   1039   1040   1041   1042   1043   1044   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Балалар СГ емінің
ересек адамдардың емдеу принципінен айырмашылығы жоқ. СГ
өршу кезінде төсектік режим қажет. Режимді кеңейтуді біртіндеп, науқастың жағдайына
сәйкес және бауырдың функциясына сәйкес жүргізеді. 
Емдәм аурудың сатысына байланысты қарастырылады. Тәуліктік рационда май
мөлшері азайтылады, ал көмірсулар, физиологиялық қажеттігіне қарағанда, көп. Бауыр
жетіспеушілі-гінде ақуыз мөлшері 2 еседей шектеледі.
Науқасты кезкелген, әсіресе бауырды зақымдайтын, дәрілерді көп беруден
сақтандыру керек. 
Вирусты гепатитте интерферрон препараттары тиімді болып келеді. Ең дұрысы
виферон
- Е және С дәрумендері бар генді-инженерлі рекомбинатты α -2-интерферон. 4
638


жасқа дейінгі балаларға 250000 ХБ, 10 жасқа дейінгі балаларға 500000 ХБ (бір балауыз)
тәулігіне 2 рет аптасына 3 реттен, 6-12 ай бойына береді. 
В, С, D вирусымен шақырылған СГ 2 жастан асқан балаларға, сонымен қатар
интерферон препараттары – α-2а-интерферон (роферон) және α-2b-интерферон (интрон
А), интерферон индукторлары (циклоферон) немесе нуклеозидтер (СГВ-де ламивудин;
СГС ремантадин, ал 16 жасан асқан балаларға – рибавирин) қолданылады.
Орташа активті СГ-те фитотерапия (солмасгүл, жүгері үлпегі, үш құлақ (жатаған
беде), бақбақ, жалбыз, түймедақ гүлдерінің қайнатпалары немесе өтшығаратын шай),
холеритиктер, лив- 52 қолданылады.
Айқын активті СГ-те бауыр жасушаларында заттек алмасу процессін жақсартатын
заттарға жүгінеді: лагалон, гептрал, сирепар, карсил, силибор, кокорбаксилаза, Е, В
5
, В
6
,
В
15
, Вс, рибоксин, цитохром С, АТФ, липой қышқылы, липамид. 
Аутоиммунды гепатитте кортикостероидтар және иммунодепресанттар немесе
циклоспорин А тағайындау цирроздың қалыптасу мүмкіндігін төмендетеді.
СГ-пен ауыратын науқас балалар жергілікті саноторияларда, сонымен қатар
Железноводск, Ессентуки, Пятигорск, Шира көлінде, Исти-су, Моршин және басқа
куроттарда емделуге болады. Курорттық емге бауырда активті деструктивті-некротикалық
процесстің белгілері немесе ауыр бауыр жетіспеушілігі қарсы көрсеткіш болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1037   1038   1039   1040   1041   1042   1043   1044   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет