Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Пиелонефритті, бүйрек туберкулезінен



Pdf көрінісі
бет1083/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1079   1080   1081   1082   1083   1084   1085   1086   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Пиелонефритті, бүйрек туберкулезінен
ажырату
керек. Оған тән:

анамнезінде туберкулезбен ауыратын науқастпен қатынаста болғаны анықталады;

туберкулинмен тірілік сынама оң;
- өкпе рентгенографиясында арнаулы қақымдалуы мүмкін;
- зәр түнбасында туберкулез микобакткриясы анықталады;
- зәрде әдетте, гематурия басым келеді.
Пиелонефриттің диффузды гломерулонефриттен ажыратуы 
123 кестеде
берілген.
 
123 КЕСТЕ
ДИФФУЗДЫ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ ПЕН ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ АЖЫРАТУ
ДИАГНОЗЫ
Белгілері
Жедел
гломерулонефрит
Пиелонефрит
Арудың басталуы
Дизурия
Белдің ауырсынуы
Дене қызуы
Зәр синдромы: 
Зәр анализі
Диурез
Салыстырмалы тығыздық
Зәр себуі
Қан креатинині, 
мочевинасы
Ісіктер
Гипертензия
Бүйрек сүзу функциясы
Бүйрек морфологиялық 
өзгерістері 
Стрептококкты инфекциядан, 
скарлатинадан, ОРЗ-дан 
кейін 2-3 аптадан соң 
басталады.
Тән емес
25-30% науқастарда 
Қалыпты немесе
субфебрильді
Гематурия, цилиндрурия, 
алғашқы 2-3 күнде 
лейкоцитоурия
Олигоурия
Қалыпты немесе жоғары
Әрқашан стерильді
Жоғары
Тән
Науқастардың көбінде
Төмен
Шумақ капиллярларының 
зақымдалуы, шумақ 
капсуласы жасушаларының 
пролиферациясы
Жедел бактериялық және 
вирустық инфекциялар 
фонында басталады
Тән
Науқастардың көбінде
Фебрильді немесе 
субфебрильді
Лейкоцитоурия, 
бактериоурия
Қалыпты немесе полиурия
Қалыпты немесе төмен
85% -да оң
Қалыпты
Болмайды
Тән емес
Қалыпты
Негізінен бүйрек 
интерстициальды тіндерінің 
зақымдалуы
Пиелонефрит, көбіне зәрмен аминоқышқылдардың (тәулігіне қалыпты – 0,001-0,005
г\кг), кальцийдің (қалыпты 0,004-0,008 г\кг, тәулігіне 300 мг-нан артық емес),
663


фосфаттардың (тәулігіне қалыпты 0,01-0,04 г\кг, 1 граммнан төмен), оксалаттардың
(тәуліктік қалыпты – 0,001 г\кг, тәулігіне 40 мг-нан төмен), зәр қышқылының (1 жастан
асқан бала-ларда тәулігіне 0,09-0,12 ммоль\л, тәулігіне 20 мг\кг-ден артық емес) тәуліктік
экскрециясының артуы тән болып келетін, тұқым қуалайтын тубулопатиялардың асқынуы
болып келеді. 
Емі.
Тәртібі
: Жедел кезінде төсек тәртібін сақтап, жылы жерде болуы керек,
аэрация (ашық дәлізде ұйықтау, ұзақ уақыт таза ауада болу), мұқият күтіну, тыныштық
сақтау керек. Дене қызуы қалпына келіп, жалпы жағдайы түзелгесін массаж бен ЕДТ
тағайындалады. Кеңеюі және айналу.
Диета: Тағайындалғанда, пиелонефриттің активтілігін ескеру керек. Қызба,
дизуриялық бұзылыстар және интоксикациямен жүрген созылмалы пиелонефриттер және
жедел пиелонефритте 7-10 күн бойына белогы шектелген сүт-өсімдік диетасы /1,5-2,0
г/кг/ тағайындалады және тұздар тәулігіне 2-3 г-дай болуы керек. Аурулардың жағдайы
жақсарған соң, диетаны белок-май, көмір-су құрамын жасына сәйкес етіп, тағайындайды.
Тұзды, қуырылған тағамдар, бұрыш, қыша беруге болмайды. Тамақты күніне 5-6 рет
ішу керек. Жасқа дейінгі балаларда ана сүтімен тамақтандырып, жеміс-жидек, көкөніс
берген дұрыс. Жастан асқан балаларға сүт, сүзбе, айран, қаймақ, сыр, піскен сиыр етін,
тауық етін, сорпа, ботқалар, жеміс-жидек, компот, морстар беру керек. Өсімдік тағамдарын
әрбір 5-7 күн сайын тағамдармен алмастырып берген дұрыс.
Зат алмасу бұзылыстары кезінде дамыған пиелонефриттің диетасының орны бөлек.
Оксалуриядан кейін қымыздық қышқылына бай тағамдарды бермей, диетаға піскен ет,
балық, картофель, капуста, жарма қосу керек. Бұндай науқастарға В
1

6
витаминдері,
минеральды сулар /Смирнов, Славяндық, Ессентуки/ берген дұрыс.
Несепқышқылы диатезінде (уратурияда) пурин негіздері аз тағамдар беріледі: бауыр,
ми, бөтеке т.б. беруге болмайды. Сүт-өсімдік диатезі тағайындалады, себебі бұндай
тағамдар несептің сілтілігін қамтамасыз етіп, тастың пайда болуына жол бермейді.
Фосфатурияда – сары май, капуста, помидор итмұрын тұндырмасы, «Нафтус»
минеральды суы тағайындалып, сүтпен жұмыртқаның сарысын беруге болмайды.
Соңғы жылдары антибиотиктерді жалпы ереже бойынша қолданады: антибиотиктер-
ді микробты қоздырғышына қарсы әсер етуіне байланысты іріктеу, несептегі микрофлора-
ларға сезімталдығын, фармакокинетикалық ерекшеліктерімен, олардың нефротоксикалы-
ғына байланысты әсерінің болмауы жатады, себебі дәрінің бұндай әсерінен абактериальды
интерстециальды нефрит дамуы мүмкін. Нефротоксикалық антибиотиктерге: монамицин,
полимиксин, канамицин, стрептомицин, метицилин жатады. 
Антибиотиктерді
сезімталдығына байланысты тағайындау керек. Аурудың ауыр
түрлерінде емді атибиотиктерді (бактерицидті әсерлілері дұрыс) парентеральды қолда-
нудан бастаған дұрыс. Көп жағдайда антибиотикотерапия шамалап басталады. Себебі
микробтар сезімталдығы 48-72 сағаттан кейін белгілі болады, ал емді мүмкіндігінше ерте
бастау керек. Тағайындалған антибактериальдық емнің 3 күннен кейін тиімділігі
байқалмаса, оны антибиотикограммаға сәйкес өзгерту керек. Аурудың жедел кезінде ауыр
және орташа ауырлықтағы ағымдарында келесі антибиотиктер қолданған жөн:
• «Қорғалған» пенициллиндер [амоксициллин+клавуланды қышқыл (мысалы, амок-
сиклав, агументин), ампициллин + сульбактам (мысалы, уназин)]:
• Цефалоспориндердің ІІ ұрпақтары (цефураксим және басқалар).
• Цефалоспориндердің ІІІ ұрпақтары (цефотаксим және басқалар).
• Аминогликозидтер (амикацин және басқалар). 
Дәрілер парентаральды енгізіледі, процесстің активтілігінің төмендеу барысында
пероральды енгізуге ауыстыруға болады. Антибиотикер курсынан кейін уросептиктер
қолданылады.
Нейтрофуранды дәрілер
– оң және теріс граммды бактерияларға, стафилококқа ішек
таяқшасына, сальмонеллаға, протей және т.б. қарсы әсер етеді.
664


Кристаллизация болмау және түтікшелер бітеліп қалмау үшін, суды көп мөлшерде
ішу керек.
Қолдаушы антибактериальды терапия үшін антибиотиктерді немесе уросептиктерді
(нитрофурандар – фуроддонин, фурагин, Фуразолидон, фуразолин, тәулігіне 5-7 мг\кг
солафур, налидксин қышқылы препараттары – невиграмон, неграм 50-60 мг\кг тәулігіне,
5-НОК және нитроксилин 8-10 мг\кг 4 рет қабылдауға, никодин (0,05 -0,07 г\кг тәулігіне 4
рет қабылдауға), фенилсалицилат (салол), грамурин, триметоприм (биспетол)
тағайындалады. 
Антибактериальдық терапияның
ұзақтығы әр ауруға жеке анықталады, жедел
пиелонефритте әдетте қамтиды:
7-10 күндік антибаткриялық курс (зәр анализі қалыптасқаннан кейін 3-5 күн бойына
беріледі);
Содан соң уросептиктермен 10-14 күндік курс;
Одан әрі 2-3 апта бойына фитотерапия. 
Созылмалы пиелонефриттің өршуінде антибиотикатерапия дәрілерді ауыстырып
отырып, 1-1,5 айға созылып, одан әрі уросептиктермен рецидивке қарсы емге айналады
Пиелонефриттің емін 2 сатыға бөледі:
1. Құбылыстың толық және тұрақты басылу үшін және несеп көрсеткіштері толық
қалпына келгенге дейін, дәрілік ем үзіліссіз жүргізіледі 1,5-2 ай.
2. Жергілікті санаторияда нефрологтың бақылауымен дәрілік емдердің аралығында-
ғы үзілістерді бірте-бірте ұзарта отырып, үзік ем жүргізу. Ұзақтығы 4-6 ай, ал созылмалы
пиеонефритте 6-12 айға созылады. Антибиотиктерді әрбір 2-3 апта сайын, несептің
антибиотикограммасына сәйкес, алмастырып отырады. 
Токсикоз белгілері бар науқастарға, әсіресе бір жасқа дейінгі балаларға, құрамында
белокты қан алмастырушы, глюкоза, Рингер ертінділері бар дезинтоксикациялаушы ем
жүргізіледі. Әсіресе, бұл емді эксикозды токсикозда қолданады.
Қазіргі кезде емдік шөптер кеңінен қолданылуда. Емдік шөптерді тағайындағанда,
олардың организмге қалай, қаншалықты әсер ететінің ескеру қажет: Мысалы несептің
бөлінуіне әсер ететін дәрілердің әсері шөптің құрамындағы арбутрин, танинге байланысты
болады.
3. Литолитикалық әсерлі мочевина, тұздар бөлініп, су балансына ықпал еткенде
байқалады.
Шөптердің фармакологиялық қасиеттерін біле отырып, антисептикалық қабынуға
қарсы ететін тонусқа, регенерация және несептің бөлінуіне әсерлік қасиеттеріне
байланысты қосындылар тағайындауға болады.
Айқын активтілік кезеңінде емдік қосындылары уродинамиканы жақсартуға әсер
етуші көмекші дәрі болып саналады және бактериурияға аз әсер етеді, ал тоқтау кезеңінде
қабынуға қарсы өте жақсы әсер етеді және антибиотиктермен бірге қолданылады.
Витаминдер – С, В топтары зат алмасу, қорғану құбылыстарын қалыптастыруға
ықпал етіп, антибиотиктердің әсерін, науқастың жағдайын жақсартады.
Физиотерапиядан – жылыту процедуралары /жалпы жылы бұлаулар, жартылай
бұлаулар, парафин, озакерит немесе белге балшық емдері/ және т.б. қолданылады.
Өршу сатысынан 6 айдан кейін санаториялық-курорттық ем жүргізілу керек.
(Трускавец, Железноводск, Ессентуки, Ижевск, Сары-Ағаш, Байыром-Али). Емдеу үшін
минеральдық сулар мен емдік дене тәрбиесін пайдаланған жөн.
Созылмалы инфекция ошақтарын тазартудың маңызы зор.
Екінші ретте дамитын пиелонефритпен ауыратын балалардың емін коррекциялап,
хирургиялық ем мен зат алмасуды қалыптастыратын дәрмектерді тағайындап отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1079   1080   1081   1082   1083   1084   1085   1086   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет