13.2.2. Тез үдейтін (қатерлі, экстаркапиллярлық, жеделдеу) гломе- рулонефрит (ТҮГН ) – бірнеше аптадан бірнеше айға дейін терминальды уремия даму-
ымен әдеттегі ем кезінде тұрақты ұсталып тұратын және бүйрек жетіспеушілігінің тез
дамуымен сипатталады. Аурудың негізінде базальды мемебраналарда жоғарғы аффинді
аутоантидене-нің түзілуі, немесе көптеген иммунды кешендердің түзілуімен аутоиммунды
зақымдалу жатыр және мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит дамиды.
Жоғарғы сынып оқушылары неғұрлым көп ауырады. ТҮГН әдетте жедел,
олигуриямен тіптен ануриямен басталады. Науқаста айқын интоксикация байқалып,
ісіктер тез көбейеді, гипертензия, гипопротеинемия, анемия дамиды. Типті гемотурия
және селективті емес біршама протеинурия, сонымен қатар изостенурия және жоғарғы
салыстырмалы тығыздықтағы олигурия, зәрдің осмолярлығы дамиды.
ТҮГН диагнозын бүйрек зақымдалуының клиникалық көріністерінің тез дамып, үдей
түсуіне, шумақ мемебраналарында арнайы антиденелердің табылуы және бүйрек биопсия-
сы нәтижелерінің негізінде қойылады. Емінде метилпреднизолонмен пульс-терапия (500
мг/1,73м 3-5 күн тамыр ішіне), цитостатиктер, циклоспориндер, антикоагулянттар,
антиагеганттар, плазмофарез, гемодиализ, бүйрек трасплантациясы қолданылады.
ЖГН тағыда ажыратылады :
А) пиелнефритпен инерстициальды нефрит, липоидты нефрозбен;
Б) геморрагиялық диатездермен (тромбоцитопатя, Виллебранд ауруы т.б)
В) зат алмасу аномалиялар және дисметаболиалық нефропатиялармен (гипероксалатурия,
гиперуратурия);
Г) саркоидоз және ісікті аурулармен