Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жедел гломерулонефритті емдеу



Pdf көрінісі
бет1092/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1088   1089   1090   1091   1092   1093   1094   1095   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жедел гломерулонефритті емдеу.
Гломерулонефритпен ауыратын балаларды емдеу үшін физикалық жүктемені,
диетотерапияны және, сонымен қатар, белсенді әдістер мен белгілеріне сай дәрі-
дәрмектерді қолдану керек. Бұларды ГН сатысымен түріне байланысты пайдалану керек:
1. Физикалық жүктеменің және тамақтандырудың тәртібін бүйрек қызметіне және ГН
активтілігіне сай етіліп, пайдалану.
2. Белгілеріне сай дәрілер қолдану /диуретиктер және т.б./
3. Иммуносупрессивті емді ГН активтілігіне сәйкес қолдану.
Физикалық жүктеменің тәртібі: 
Экстраренальды белгілер мен макрогематурия кезінде қатаң төсектік тәртіп, бел
аймағына жылу. Гематурия азайып, ісік пен гипертензия төмендегенде тәртіпті кеңейтеді. 
Жедел ГН активті сатыларында қатал төсектік режим клиникалық белгілерінің
айқындылығы айқын азайғанша (ісік, макрогематурия, гипертония және басқалар)
671


сақталады. Толық емес сауығу кезеңінде, толық клиникалық-лабораториялық кезеңінде 5
жыл бойынша алдын-ала егуден босатылады, физикалық жүктеме шектеледі (дене
тәрбиесі сабағынан босату, қимылдарын көп ойындар ойнамау).
Созылмалы бүйрек шамасыздығының сатыларында балаларда геморрагиялық
синдром, ацидоз белгілері, жүрек-тамыр шамасыздығының белгісі байқалғанда, төсектік
режим сақтау керек. Бұл белгілер жоқ болғанда немесе олар азайғанда, гиперкатаболизм-
нің алдын-алу үшін физикалық жүктемені шектеген жөн.
 
Диеталық ем.
Диета тағайындағанда төмендегі принциптер сақталу керек.
1. Аурудың аллергиясы бар тамақтарды пайдаланбау.
2. Құрамында натрий көп тамақтарды пайдаланбау.
3. Калийі көп тағамдарды (жүзім, кепкен өрік) кортикостероиды гормондармен
емделетін балаларда гипокалиемияның алдын-алу үшін қосу керек.
Тамақты тұзсыз дайындайды және организмге тәуліктік мұқтаждықтан 1 граммнан
артық болмауы керек. Белокты 1-1,5 г/кг дейін азайту үшін етті, ірімшікті, балықты
шектеп, нанды алып тастау керек.
Қанша тамақты тұзсыз ішсе де, күніне 5 г тұз қабылдайды, сондықтан организмде
гипонатриемия дамымайды. Ацидоз бен гиперазотемияның алдын-алу үшін тамақ
рационы тәулігіне 2000-2500 калория қабылдауына бағышталған болуы керек. Ол үшін
тәтті тағамдардан, жемістерден жасалған тамақтарды, майды, өсімдік майын көбірек
пайдалану қажет.
ГН-тың сауығу сатысында иммуносупрессивті ем қолданылады. Ол тамақты баланың
жасына сай беріп, балада аллергия тудыратын тағамдарды алып тастаудан тұрады.
Бала тамағындағы балықты, ірімшікті, етті, тұзды тиісті деңгейіне біртіндеп 1-2 айда
жеткізіледі. 
СБЖ-нің полиуриялық сатысында су шектелмейді, ал олигоанурия кезінде су тек
шыққан несеп, нәжіс және құсық көлеміндей ғана берілуі керек және тыныс шығарған
кездегі суды да есепке алу керек.
Бұны Джиордани-Джиованетти үлкендерге қолдану үшін ұсынған диетасымен іске
асыруға болады. Ал, балалар үшін осы кісінің диетасы қолданылады, бірақ балаларға
сәйкестелініп белокты тәулігіне 0,6-0,7 г/кг/ дейін шектеп, жоғарғы калориялы 80-90
ккал/кг немесе тәулігіне 2000-2800 ккалория қолданылады. СБЖ-мен ауыратын балада,
ісік және гипертония болмаса, қосымша азотемияға қарсы, ас тұзын біртіндеп қосу
арқылы /І0г дейін/, жақсы әсер алуға болады. Кейбір СБЖ-нің полиуриялық сатысында тұз
жоғалту синдромы дамуы мүмкін. Мұнда тұзды шектеу бүйрек қызметі үшін қауіпті
болады. СБЖ ауыратын адамдарда белокты күрт төмендетіп, жоғарғы калорияны сақтау,
адам өмірін 3-5 жылға ұзарады.
Инфекция болғандықтан,
антибактериальды терапия
, көбіне пенициллин,
қолданылады.
Аздаған 
(қосымша)
 патогенетикалық терапия
: антикоагулянттар және антиагреган-
ттар. Антикоагулянт гепариннен бастайды, ол АҚ төмендетеді, гиперлипидемияны
азайтады, тромбоциттердің агрегациялық қызметің тежейді және антигистаминді әсеріде
бар. Гепаринді тәулігіне 150-200 бірлікте кг салмағына тағайындайды және қан ұюын
анықтап отырады. Препаратты 2-4 рет тері астына немесе көктамырға жібереді. Орташа
ем курсы 40 күн, кейін дозасын азайтады. 
Антикоагулят пен антиагрегант препараттарын курантилды қосып береді. Дозасы 10-
15 мг/кг салмағына 3-6 ай. Және бірге антиоксидант препараттарын, А және Е
витаминдер қосуға болады.
Симптоматикалық ем
ретінде диуретиктер тағайындалады. Оны су балансын
тексере отырып беру керек. Фуросемид тәулігіне 40-120 мг және гипотиозидты тәулігіне
100-150 мг-нан қосып беруге болады. 2-4 сағат ішінде әсері байқалмаса, фуросемид 100
мг-нан бір рет қайта беріледі. Лазиксті үлкен дозада анық байқалатын және күрт дамитын
олиго-ануриялық бүйрек. 
672


Диуретиктер
науқаста айқын ісік болғанда тағайындалады, гипертензионды
сидромда – бүйрек аймағына никотин қышқылымен, эуфиллин, тренталмен электрофорез
жасалады. Лазикс (фуросемид) бұлшықетке немесе тамырішіне (1,0-1,5-2,0 мг/кг),
гипотиазид (0,5-1,0 мг/кг); 
- бүйрек қан ағысын жақсартатын препараттар – дипиридамол (курантил) 5 мг/кг
тәулігіне 3 рет ішуге, эуфиллин 2 мг/ кг 3 рет тәулігіне, трентал 5 мг/кг 3 рет тәулігіне 
-
тек айқын, тұрақты гипертензияда гипотензивті препараттар тағайындалады
(нифедипин 0,05-0,5мг/кг 2-3 рет тәулігіне; каптоприл 0,05-0,4мг/кг 2-3 рет тәулігіне). 
Гиперкалиемия болмаған жағдайда,
диуретикалық ем
хлорлы калиймен бірге
тағайындалады. Анық гиповолемияда, көлемді ісіктер болғанда полиглюкинді, сосын
лазиксті, тамыр арқылы жіберу керек. Мұндай кезде алдын ала 2,4 % эуфиллин ерітіндісін
тамырға жіберген жөн. 
Гиперкалиемияны жою үшін, тамырға тамшылатып, 100-200 мл 10% глюкоза
ерітіндісін, инсулин араластырып, жібереді. Гипертензия болмаса 4% натрий
бикорбанатын жіберуге болады.
Артериялық гипертензияда гипотензивті /резерпин және раунатин/ дәрілер беріледі.
Емдеуі 0,1 мг-нан басталады. Емдік әсері 2-6 күннен кейін басталады. Жедел ГН кезінде
диетотерапия, белгілерінде сай ем, аурудың алғашқы аптасында антибиотиктер
қолданылады.
Жедел гломерулонефриттің циклдік дамуында 9-11 ай бойына активті
патогенетикалық емді, өзінен-өзі сауығу клиникалық белгілерін күтіп, кейінге қалдырады.
Гломерулонефриттің гематурия немесе гипертония байқалатын нефротикалық
синдромында емді жедел ГН басталғаннан кейін 1-2-3 ай бойы жүргізу керек.
Гломерулонефритпен ауырған балаларды диспансерлік бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1088   1089   1090   1091   1092   1093   1094   1095   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет