Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1093/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1089   1090   1091   1092   1093   1094   1095   1096   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диспансерлік бақылаудың
негізгі мақсаты қайта өршуге соқтыратын жағдайлардың
әсерінен сақтау, өршу белгілерін ерте анықтап, созылмалы бүйрек жарамсыздығының
алдын алу үшін уақытында ауруханаға емдеуге жіберу болып табылады. Диспансерлік
бақылауды участкалық балалар дәрігері, бөлімше меңгерушісінің басшылығымен, маман
нефрологтың ақыл-кеңесі бойынша, жүргізеді. Гломерулонефритпен ауырған баланы
жүйелі бақылау толық тексеруден /қалдықты азотты, креатинин және мочевина мөлшерін,
эндогенді креатинин клиренсин қамтиды /кестені қара/. Тексергенде, науқастың шағымын
анықтайды, көңіл-күйін бағалайды, аурудың негізгі белгілерін /ісіну, қан қысымы, зәр
өзгерістері, бүйрек қызметі/ анықтайды. Сонымен қатар, созылмалы инфекциялар
ошақтарын емдеп, тазалайды. Тонзиллоэктомия қажет болса, клиникалық белгілері
жойылғаннан кейін 3-4 аптадан кейін, ал баяу /енжар/ дамыған түрінде – 3-4 айдан кейін,
анибиотиктермен емдеу кезінде жасайды. Жедел гломерулонефритпен ауырған балалар
ауруханадан шыққасын, зәр тексермелері қалыптасқаннан кейін, 3-4 аптаға дейін
мектептегі сабақтан босатылады, мектепке дейінгі мекемеге жіберіледі. Ағымы созылып
кеткенде, мектепке дейінгі мекемеге жібермеу 8 айға дейін созылуы мүмкін. Бұндай
жағдайда, салмақты шектеп, оқытуды үйде ұйымдастырған жөн. Мектепте физикалық
салмақты шектен, дене тәрбиесінен босатып, қосымша күндіз 1,5-2 сағат демалыс беру
керек. Мүмкіндігінше салқыннан, тоңазудан сақтау керек. Жыл бойынша ас тұзы
шектелген /ас тұзысыз дайындалады/, ащы қоспаларсыз диета тағайындалады. Науқас
диспансерлік есептен шығарылғанша алдын-ала егу жүргізілмейді. Жаңа аурулармен
/интеркурентті/ ауырғанда – төсектік режим, антигистаминды дәрілер, қажет болса
антибактериальды ем тағайындалады. Антибиотиктер 7-10 күнге тағайындалады. Егер
ауруханада науқас көп мөлшерде кортикостероидты гормон қабылдаған болса, тәулігіне
15-30 мг/жасына байланысты/ преднизолон берген жөн.
Антибактериальды терапия
. Бір апталық үзіліспен 8-10 күн бойы 2 курс
антибиотикотерапия жүргізеді (жартылай ситетикалық пенициллиндер, макролидтер
т.б).Созылмалы инфекциялық ошақтар, интеркурентті аурулар болған кезде кезеңдік
антибиотиктер тағайындайды(бициллин). 
673


Витаминотерапия
(В1, В2, С, рутин, В6, А, Е орташа емдік мөлшерде). 
Инфекция оқтарын консервативті санациялау. 
Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын балаларды тексергенде гипертомия
гематурия, бүйрек қызметінің бұзылыстары анықталса, ауруханаға жіберу керек. Егер
ауруханадан сақтау /қолдау/ емімен шығарылған болса – 2 ай сайын бақылап,
тексермелерін уақытында жасап отыру керек. Иммуносуприсивті және қабынуға қарсы ем
алатын балалардың қанын аптасына бір рет тексеру, ол антикоагулянттар фенилин берілсе
аптасына 1-2 протроминді индекс анықтау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1089   1090   1091   1092   1093   1094   1095   1096   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет