Ісіну синдромы: балаларда интоксикацияға
байланысты қабақтың, беттің ісінуі
мүмкін. Бұл әсіресе таңертенгі мезгілде жақсы байқалады. Сосын, ісік тұрақталып басқа
жерлерде де пайда бола бастайды. Ісікті алақанның және үлкен балтыр сүйегінің алдыңғы
бетінен оңай анықтауға болады. 3-4-ші күні ісіктер ұлғайып, кейде көкірек қуысында, іш
қуысында, жүрек қабаттары арасында да пайда болуы мүмкін.
Несеп синдромы:
1. Олиго- және анурия сирек кездеседі.
2. Бел тұсы ауырады /бүйрек паренхимасының ісінуіне және олардың капсуласының
керілуіне байланысты/
3. Екі жақтанда Пастернацкий белгісі анықталады.
4. Тәулігіне 1-2 г-ға дейін протеинурия байқалады.
Протеинурия деңгейі шумақтардың зақымдалуына байланысты болады. Әлсіз
байқалатын және оңай өзгеретін протеинурия подоциттердің зақымдалуына тән болса:
тұрақты, ұзақ және ауыр өзгеретін түрі базальды мембрана және эндотелийдің
зақымдалуына байланысты болады. Жазылар алдында зәрде белок жоқ болып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: