Анемия жіктелісі. Анемияның әртүрлі жіктелістері бар. Оның ішінде
патогенетикалық негізде жасалған жіктеліс кең тараған.
I. Геморрагиялық анемиялар. - жедел қан кетудің салдарынан дамитын анемия;
- созылмалы қан жоғалтудан дамитын анемия;
II. Эритропоздің жетіспеушілігінің нәтижесінде пайда болатын анемиялар. 1.
Тұқым қуалайтын апластикалық анемиялар :
а) панцитопения (туа біткен даму ақауларының қосарлануымен – Фанкони типі; туа
біткен ақауларсыз – Эстрен- Дамешек типі);
б) эритроидты бөліктің парциальды зақымдалуымен (Блекфен - Даймонд анемиясы).
2.
Жүре пайда болған апластикалық анемиялар :
а) панцитопениямен (жедел, жеделдеу, созылмалы түрлері);
б) эритропоздің парциальды зақымдалуымен.
3.
Дизэритропатиялық анемиялар (тұқым қуалайтын және пайда болатын).
4.
Сидеробласты анемиялар (тұқым қуалайтын және пайда болатын).
5
. Жетіспеушілік анемиялар (арнайы факторлардың жетіспеуінен пайда болатын
анемиялар):
а) мегалобластикалық анемиялар:
- фольтапшылық (тағамда жетіспегенде немесе мальабсорбцияда);
- В
12
дәрумені жетіспеуі (мальабсобция немесе тасымалдануының бұзылуы);
- оратты ацидоурия;
б) микроцитарлы анемиялар:
- темір жетіспеушілік;
- мыс жетіспеушілік;
- қорғасынмен улану;
- талассемия-синдром (талассемия генін белгісіз тасымалдау)
- витаминдер жетіспеушілік;
- белок жетіспеушілік;