Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1179/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1175   1176   1177   1178   1179   1180   1181   1182   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Емі
 
криздерді емдеуден, жалпы қуаттандырушы емдерден (реополиглюкин, 10%
глюкоза ертіндісі, анальгетиктер, трентал, ноотропил) тұрады. Апластикалық және
секвестрациялық криздерде кейде эртроциттер трансфузисы (гемоглобин<65-60 г/л) қажет
болады. Орақ тәріздес жасушалардың пайда болуына қарсы әсер ететін дәрілер (күнделікті
гидроксимочевина 6-8 ай бойына) қолдану ұсынылады. Профилактикалық тұрғыдан фоль
қышқылы тағайындалады.
14.2. ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ДИАТЕЗДЕР ЖӘНЕ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ АУРУЛАР
Гемостаз 
-
қан ағуды тоқтатын, алдын алатын және айналымдағы қанның сұйық
күйін сақтауға ықпал ететін организмнің функциялық жүйесі.
Бұл функцияның іске
асуына үш звено қатысады: 
1. Тамырлық, 2. Тромбоцитарлық, 3. Қан ұюдың плазмалық факторы. 
Гемостаздың барлық қатысушылары бір-біріне тығыз байланысты, бірінің әлсіреуі
екіншісінің компенсатарлы артуын тудырады және керісінше бірінің көбеюі екіншісінің
төмендеуіне әкеледі. 
Барлық геморрагиялық диатездер мен ауруларды гемостаздың звеноларына сәйкес 3
топтарға бөледі: 
1. Вазопатиялар –
тамыр өткізгіштігінің бұзылысымен байланысты болатын
аурулар 
(геморрагиялық васкулит);
2. Тромбоцитопатиялар және тромбоцитопениялар – 
тромбоциттің сандық
және сапалық бұзылысының салдарынан дамитын аурулар
(Верльгоф ауруы –
тромбоцитопениялық пурпура, идиопатиялық тромбоцитопения);
3. Коагулопатиялар –
қан ұюдың плазмалық факторларының жетіспеушілігіне
байланысты қан ұюдың бұзылысына байланысты ауру
(гемофилия А).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1175   1176   1177   1178   1179   1180   1181   1182   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет