Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет214/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Терінің сезімталдығы
. Тері сезімталдығын бос нерв талшықтары (ауырсыну
қоздырғыштары) және инкапсулданған нерв талшықтары (қоздырғыштар бойынша
мамандандырылған денешіктер) қамтамасыз етеді. Ауырсыну сезімталдығы балада құр-
сақішілік кезеңнің 3-ші айында пайда болады. Нәрестелерде сезу табалдырығы, ересек
балаларға және үлкен кісіге қарағанда, жоғары болып келеді. Балаларда ауырсыну
қоздырғыштарына жауап жайылған (генерализацияланған, жалпы) сипатты болады. 
Жанасу сезімталдығы
. Ұрық пен нәрестенің жанасу сезімталдығы өзінің пайда
болуы мерзімі бойынша басқа барлық сезім мүшелерінен ерте болады. Түйсіну балада
құрсақішілік кезеңнің 5-6 аптасында пайда болады. 12 аптаға дейін ұрықтың терісінің
барлық беті рефлесегенді аймақ болып келеді. Ерекше сезімталдық сезімі ауыз
айналасында (әсіресе ернінде), жыныс мүшелерінің терісінде және сандардың ішкі
бетінде, алақанда, табанда орналасады.
Температура қабылдаушы рецепторлар
. Дені сау нәрестенің терісі сипалағанда
жылы. Туылғаннан кейін алғашқы сағаттарда физиологиялық температураның төмендеуі
(«транзиторлық гипотермия») байқалады. Салқын рецепторлар, жылу рецеп-торларына
қарағанда, 10 есе көп болғандықтан баланың салқындауға сезімталдығы, қызып кетуге
жауабы басым болып келеді. Дене қызуының, әсіресе шала туылған нәрестелерде,
төмендеуінде, кейде аяқтарының, ішінің алдыңғы беттерінің төменгі бөліктерінің терісінің
және тері асты шел майының (склерем және склередема) ісінуі (тығыздалуы) байқалады.
Денесінің қызып кетуі және сусын ішу ережесінің бұзылуы мерзімінде туылған
нәрестелерде «транзиторлық қызбаның» пайда болуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет