сында солай танитын болса керек. Жаңа туылған нәресте естиді. Құлақ морфологиялық
тұрғыдан жақсы дамыған. Сыртқы есту жолы саңалау тәрізді, дабыл жарғағы ересектер-ге
қарағанда, қалың келеді. Евстахиев түтікшесі горизонталды орналасқан, кең және қысқа,
сондықтан мұрын мен дабыл қуысы жақсы байланысадыда, ортаңғы құлақтың жиі
инфекцияланып, отиттің пайда болуына ықпалын тигізеді. Самай сүйегінің толық
сүйектініп бітпеуі және емізік тәрізді өсіндінің болмауы антриттің жиі байқалуын
түсіндіреді.
Көру.
Көздің құрала басталуы құрсақішілік кезеңнің 3-ші аптасында басталады.
Көздің және көру талдаушыларының (анализаторларының) туылған кезде өзіндік ерек-
шеліктері боладыда, олардың толық дамуы жарық қоздырғыштарымен стимуляциялау-ды
қажет етеді. Бала өсе келе көз алмасының мөлшері мен салмағы, көз қарашығының,
мүйізді қабығының диаметрі, көзбұршақтың салмағы арытады. Өсудің тоқтауы пубер-
татты кезеңде байқалады. Балаларға алғашқы күндері алыстан көргіштік (гиперметропия
тән), 7,0-ге дейін, тән. Ол өсе келе азаяды. 9-12 жасар баланың көбіне эметропия тән.
Жаңа туылған балалардың көзі тұрақтыға жақын жабық, қарашығы тарылған, көз
қиығы (қарақуы) бекітілмеген болады. Нәрестенің көзі айқын, мөлдірқабы мөлдір,
қарашығы дөңгелек, жарыққа реакциясы айқын (тірі) болады.
Дәм.
Дәмді сезу қабылеті құрсақішілік кезеңнің, соңғы айларында қалыптасады,
туылғанда қызмет қыладыда, өмірінің 4-5-ші айларында толық жіктеледі. Нәрестелердің
дәм қабылдаушылары тілдің барлық бетін, ернін, қатты таңдайды және ауыз қуысының
иек бетін қамтиды. Нәрестелердің дәмді сезу табалдырығы, ересектерге қарағанда, жоғары
болады. Нәрестелер тәтті дәмге жақсы жауап берсе, керісінше, ащы және тұзды дәмдерге
теріс (қабағын кіржитеді, жалпы мазасыздану байқалады) жауап береді.
Иіс сезу
. Иіс сезуі құрсақішілік кезеңнің 2-ші айында басталып, 7-ші айлығына дейін
жүреді. Талдауыштары мұрынаралығының және жоғары мұрын қалқанының (кеуілжірінің)
кілегей қабатында орналасады. Бала қатты иісті, басын бұрып, жүрек соғуының жиілігін
өзгертіп, белсенділігін артырып, туғаннан бастап ажыратады. Өмірінің алғашқы
аптасында анасының сүтінің исін сезеді, 3 айлығынан бастап жағымды және жағымсыз
иістерді жақсы ажыратады. Ольфаторлық жүйенің баланың анасына жақын болуында
алатын орны үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: