Гетчин күрек тістері
– жоғарғы күрек тісінің шайнау бетінде жарты ай тәріздес оюы
бар қашау құсап өзгеруі. Бұндай өзгерістер іштен туа пайда болған мерезде (сифилис)
кездеседі.
Жаңа туған баланың омыртқасында бүгіліс болмайды. Мойын физиологиялық
бүгілісі 2 айлығында, мойын қатайған кезде, пайда болады. Бала өз бетінше отыра
бастағанда, 6-7 айлығында, кеуде физиологиялық бүгілісі (кифоз) пайда болып, ол
толығымен 6-7 жасында қатайып бітеді. Омыртқаның бел тұсынан алға қарай бүгілуі
(физиологиялық бел лордозы) 9-10 айлығында пайда болады да, мектеп жасында
толығымен қатайып бітеді. Содан соң сегізкөздікте физиологиялық кифоз дамып, жетіледі.
Бұл өзгерістер жасы ұлғая келе, тепе-тендікті сақтап, ішкі мүшелерді бір қалыпта
ұстап тұратын бұлшық еттер тонусының әсерінен жетіліп қатая түседі. Осыған орай,
қыздарға биік өкшелі аяқ киім киуге болмайды, үйткені бел лордозы өсіңкіреп кетіп, кейін
босану процессіне кеселін тигізуі мүмкін.
Омыртқа жотасын қарағанда лордоз (бел тұсындағы алға қарай бүгіліс), кифоз (арқа
тұсындағы омыртқаның артқа қарай бүгулі
(41 сурет),
сколиоз – омыртқаның оңға немесе
солға бүгілуін анықтайды.
Сколиоз болса, онда баланың бір иығы түсіп, бір иығы көтеріліп, бос тұрғанда қолы
денесіне екі жағында екі түрлі (бір алғашырақ, бірі жақынырақ) тиіп тұрады. Белі мен
қолының арақашықтығы екі жағында екі түрлі, яғни ассиметриялы болады.
Кифоз, бел сколиоздары туберкулезде, мешел ауруларында, баланы қолда дұрыс
көтермегенде, партада дұрыс отырмағандықтан пайда болады. Кифоз бен сколиоз бірден
кездескен жағдайда кифосколиоз деп аталады.
Кеуде қуысы.
Өсу барысында кеуде қуысы, әсіресе оның түрі, көптеген өзгерістерге
душар болады. Бірінші жылы ол табаны төмен қараған тонус тәріздес болады. Бірақ,
бірінші жылдың өзінде баланың өкпе көлемі 4-6 есе көбейеді. Ер балаларда 7-8 жаста,
кеуде қуысының жоғары бөлігі кеңіп, толық ұзындығы қысқарып, ересек адамның кеуде
қуысының қалпына келе бастайды.
Жаңа туған баланың кеуде қуысы жалпақ та, қысқа болып келеді. Ал, қабырғалары
горизонтальды орналасады. Бірінші жылдың аяғынан екінші жылдың басынан кеуде қуы-
сы ұзарады және қабырғалардың физиологиялық төмен түсуі пайда болады. Қабырғалар
қиғаштанып, аралықтары тарыла түседі. Эпигастральдық бұрыштың мөлшеріне көңіл
аудару керек. Оның мөлшерінде байланысты шамамен баланың конституциясын (тұлға,
дене құрылысы) бағалауға болады. Эпигастральдық бұрыш 90
о
тең болса – нормостеник,
доғал болса – гиперстеник, үшкір болса – астеник болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |