34 сурет
.
Гидроцефалия
36 сурет.
Микроцефалия
Мезгілі жетіп туылған баланың жебе, тәж, желке жіктері 3-4 айға дейін ашық болады.
Кіші еңбегі жаңа туылған балалардың 25%-да 4-8 аптаға дейін ашық болады. Алдыңғы
үлкен еңбегінің қарама-қарсы жатқан жиектерінің арақашықтығы 3-3,5см, 1,5-2см
аралығында болады. Үлкен еңбегі 1-1,5 жаста, ал соңғы кездегі деректер бойынша, 8-10
айлығында жабылатын болып жүр.
Жалпақ сүйектер бірімен бірі жіктер (тігістер) арқылы байланысады. Жаңа туған
балада тегістер жұмсақ, сипағанда жақсы білінеді. Тігіс 3-4 айлықта жабылып, білінбей
кетеді.
Кіші еңбек тек қана жаңа туған балалардың 1/4 бөлігінде ғана ашық қалады. Бірақ,
бірінші 3 айдан қалмай жабылады.
Үлкен және кіші еңбектердің жабылуының кешігуі мешел ауруында (рахит),
гидроцефалияда, микседемада хондродистрофияда кездеседі.
Еңбектердің ерте бітуі негізінде Д-гипервитаминозында және мидың
жетілмегендігінен пайда болатын микроцефалияда кездеседі. Микроцефалия, сиректеу
мидың жетіспеуінен емес бас сүйегінің тігістерінің мерзімінен бұрын бітуіне байланысты
пайда болады. Көп тігістің бірінің мерзімінен бұрын жабылуы бас сүйегінде көптеген
өзгерістер пайда болуына әсер етеді. Олар мұнара тәріздес бас, оң және сол жақтын тепе-
тең болмауы (ассиметриялық бас).
Қалыпты жағдайда еңбек баланың тыныс алуына және тамыр соғуына сәйкес «дем
алып» тұрады. Бұнда еңбек бас сүйегінің діңгейінде қалады, тек қана кішкене ғана
ширығуы байқалады. Еңбектің томпаюы сау балаларда тек қана қатты жылағанда
байқалады. Қызуы көтеріліп ауырған балаларда, еңбегі, әдетте, аздап томпайып тұрады,
және тамыр сияқты соғып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |