Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет258/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Пальпация
– жасап консистенция және пассивті қимылдар жасауға көрсететін
кедергісі бойынша, бұлшық еттің тонусын анықтайды. Бұлшық еттің әлсіздігі, босандығы
гипотонусын көрсетеді де, керілгіштігі, тартымдылығы, тығыздығы бұлшық еттің
тонусының жоғары (гипертонус) екенін көрсетеді. Бұлшык еттердің бүккіш топтарының
тонусы жоғары болғанда «қайтару» белгісі анықталады. Оны тексеру үшін шалқасынан
жатқан баланың аяғын абайлап жазып, стөлдың бетіне басып 5 сек ұстап тұрады. Содан
кейін, қоя бергенде баланың аяғы тез бұрынғы орнына барады. Ал, егер бұлшық ет тонусы
сәл-ақ кеміген болса, орнына қайтып бармайды. Бұлшық еттердің жалпы, әсіресе арқада
орналасқан еттердің, тонусын тексеру үшін баланы аяғынан ұстап, абайлап басын төмен
салбыратып тік ұстайды. Егер бұлшық еттердің тонусы қалыпты жағдайда болса, басы
мен денесі бір сызықтың бойында болады, бірақ басы салбырайды, қолдары сәл бүгулі
болады. Ал, аяқтары тіке жазылған болады. Егер басы салбырап тұрса, ауыр жағдайларда
қолы да, онда бұлшық еттер тонусы төмендегені. Тонусының жоғарлауы аяқ-қолының
қатты бүгілуінен және басының кейін қатты шалқайғанынан көрінеді. Емшек жасындағы
балалардың қол еттерінің тонусы тарту арқылы байқалады. Шалқасынан жатқан баланы,
отырғызуға тырысып, қолынан тартады. Әуелі бала қолдарын жазып жібереді (бірінші
кезеңі), содан соң денесімен дәрігерге көмектесіп тартынады (екінші сатысы). Егер тонусы
жоғары болса, бірінші сатысы болмайды, ал төмен болса, екінші сатысы болмайды.
Шала туған балаларда бұлшық еттердің тонусының төмендеуі 1,5–2 айға дейін
байқалады. Одан кейін пайда болатын тонустың жоғарылығы 5–6 айға дейін сақталады.
Ал, мерзіміне жетіп туған балаларда қол бұлшық еттерінің физиологиялық гипертонусы 2
175


айға, аяқтарында 4 айға созылады. Пассивті (белсенділіксіз) қозғалыстарды тексергенде
шынтақ буынын 180
о
жазылуы, саны екі жаққа бірдей 75
о
жазылуы, ұршық буындарында
аяқта 150
о
жазуға болса, ал табанда 120
о
бүгуге болса, басын жанына бұрып жауырынның
бұғана буынына жеткізе алса, сонымен қолын қарсы жаққа бұрғанда, созғанда сол
буындарға жететін болса, қалыпты деп есептелінеді.
Белсенді қозғалыстар баланың дербес қозғалыстарын немесе оның ойын кездегі
қозғалыстарын бақылау арқылы бағаланады. Баланы ойыншықтармен ойнауға
ынталандырып, оны қолымен, аяғымен түрлі қимылдар (қолын-аяғын бүгу, жазу, қысу,
отыру, жүру, секіру) жасатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет