Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет257/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1.5.2. БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҮЙЕСІ
30 сурет. 
Нормотрофия
белгілері.
174


Әрекетіне (жұмысына) байланысты баланың бұлшық еттері түрлі ерекшеліктерімен
сипатталады. Кейбір гуморальды әсерлерге сезгіштігі артумен қатар электр тогына
сезгіштігі төмендейді.
Балалардың бұлшық етінің биологиялық құрамының ересектерден айырмашылығы
бар. Мысалы: жаңа туған балада бұлшық ет тканьдеріне миофибрильді белоктардың
мөлшері, ересек балаларға және үлкендерге қарағанда, 2 есе аз. Балалардың бұлшық
етінде, өзіндік құрылымы бар төмен АТФ – азды және жоғары холенэстеразалық
белсенділігі бар, фетальды миозинның болуы маңызы зор құрамдық ерекшелік болып
есептелінеді. Бала өсе келе бұл айырмашылықтар тегістеліп, фетальды миозин жойылады.
Осымен қатар, бұлшық ет тінінде тропомиозиннің мөлшері өседі. Бұлшық ет тінінің
массасымен салыстырғанда, заңды түрде саркоплазматикалық белоктың мөлшері көбейеді
және жасы өсе келе гликогеннің сүт және нуклеин қышқылдарының саны азаяды. Бұлшық
еттерде судың да мөлшері едәуір азаяды. Бұлшық еттің дамуы да біркелкі жүрмейді.
Алғашқыда білектің үлкен бұлшық еттері дамиды, кейінірек алақанның бұлшық еттері
дамиды. Балалар 6 жасқа дейін саусақтарымен нәзік жұмыстар істей алмайды. 6–7 жастан
бастап өру, таңу, бір нәрсе салу немесе илеу жұмыстарымен жақсы айналыса алады. 8–9
жаста буындары қатайып бұлшық еттері дамиды және бұлшық еттерінің көлемінің едәуір
дамығаны байқалады. Жыныстық жетілу кезеңін соңында қолдарының бұлшық еттері
дамып қана қоймай, сонымен қатар, арқасының, иығының, аяғының да, бұлшық еттері де
жақсы өсіп жетіледі. 15 жастан кейін ұсақ бұлшық еттер жетіліп, балада қимылдың
туралығы, икемділігі, келісімділігі, дамып жетіледі. Денеге түсетін салмақ осы
ерекшеліктерді ескере отырып мөлшерленуі керек, денеге салмақ түсіру мөлшері жасына
байланысты болу керек.
Бұлшық етті тексеру сұрастырудан басталады. Содан соң қарау жүргізіледі. Дені сау
балалардың бұлшық еті серпінді симметриялы түрде бірдей өсіп жетіледі. Айы-күні жетіп
туған балалар қол-аяғын бауырына жинап жатады. Стол үстінде аяқ-қолы созылып жатқан
баланың бұлшық етінің босаң (гипотонус) екенін байқауға болады. 
Ауру опистотонус қалыпта, яғни қолдары созылған және керілген, ал басы шалқайып
кейін қарай тартылған күйде, жатады. Бақылау кезінде анықталған қолының немесе
аяғының салбырап жалпы қозғалыс әрекетіне араласпай тұруы жекелеген бұлшық ет
тобының әлсіздігін (тонусының азаюы) немесе салдануын (парез) білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет