Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет256/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

31 сурет

Тері асты шел майының ауытқулары бар балалар
а)
 ІІІ-дәрежелі гипотрофия (атрофия);
б)
 паратрофия
Ісікті анықтау үшін астында тіреу болатын сүйек бар аймақтарда (балтыр сүйек, аяқ
басының үсті және т.б.) бас бармағымен басып қарайды. Басқанда біртіндеп жойылып
кететін шұңқыр пайда болуы тері асты шел майында ісік бар екенін білдіреді. Ісікті немесе
ісінуді, сонымен қатар, маңдайда, кеудеде, белде анықтауға болады.
Гипотиреозда, терінің құрғақ болуымен қатар, балада тер астының қоймалжың ісігі
байқалады. Ол бармақпен басқанда із (сай) қалдырмайды. Тері астына дәрі жібергенде
немесе трахеостомия жасағанда тері астына ауа кетуіне байланысты ісік сықылды белгі
байкалады. Тері астына кеткен ауаны пальпациялағанда сықырлап білінетініне
байланысты ажыратады.
Жергілікті ісіктер ангионевротикалық немесе Квинке ісігі тәріздес аллергиялық
болуы мүмкін. Олар көбіне маңдайда, қол-аяғында, көбіне бір жағында болады. Тез пайда
болып, тез жойылып кетеді. Кейде бұндай ісіктер кейбір заттарға, дәрілерге сезімталдығы
жоғары болғанда кездеседі. Кейде жойылып, бұғанадан төмен түсетін, мойын тер асты
шел майының ісігі дифтерия сықылды жұқпалы балалар ауруларында кездеседі.
Склерема
– терінің беті тегіс, басқанда із қалдырмайтын, жайылып (диффузды)
нығыздалып қатаюы. Шала туған және емшек жасындағы балаларда қоректенудің ауыр
бұзылыстарында кездеседі.
Склеродема
– склерема сықылды терінің жайылып, нығыздалып қатаюы. Одан
айырмашылығы ісік пайда болады да, басқанда кішкене шұңқыр қалады. Қайтадан қал-
пына келмейді, науқастың ауруының ақырының нәтижесіз болатынына меңзейтін белгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет