Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет252/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Аурулық сезімталдық.
Көзі жұмылы балаға, иненің ұшымен арт жағына
кезектестіріп, бірнеше рет инені сәл ғана тығады. Сезімталдығы сақтаған бала «үшкір»
немесе «доғал» екендігін анықтайды. Кішкене балалар мазасызданып, жылайды.
Қан тамырларының жағдайын, әсіресе олардың «жарылуын» анықтау үшін, бірнеше
белгілер қолданылады. «Бұрау» белгісі (Кончаловский-Румпелий-Лиде белгісі). Резинка
бұрауды немесе қан қысымын өлшейтін аппараттың манжеткасын иықтың дәл ортасына
кигізеді (орайды), бұл жағдайда кәрі жілік артериясының тамыр соғысы сақталып қалуы,
яғни бұзылмауы керек. Демек бұрауды вена ағысын тоқтата отырып, артерия ағысына зиян
келтірмейтіндей күшпен бұрау керек. Манжетканы пайдаланған кезде қысым систола
деңгейінен аспауы керек. 3–5 минут өткеннен кейін шынтақ пен білек аймағын (теріні)
мұқият қарайды. Әдетте, тері өзгермеуі керек. Егер тамырлардың әдеттен тыс салдығы
немесе сынғыштығы болса, онда терінің қанталағанын көруге болады. Шынтақ
айналасынан 4—5 жерден терінің қанталағаны байқалса, патология болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет