Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет260/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Псевдогипертрофия
(жалған гипертрофия) тері асты шел майы шектен тыс
дамығанда еттердің гипертрофиясы (көлемінің ұлғаюы) туралы ұғым туады.
176


Жұмыстық гипертрофия спортпен шұғылданғанда немесе бір жақты жұмыс
жасағанда (бір қолмен ауыр салмақ көтеру және т.б.) жекелеген бұлшык еттердің
көлемінің ұлғайғаны (гипертрофиясы) байқалады.
1.5.3. СҮЙЕК ЖҮЙЕСІ
Сүйек тіні 
– адам қанқасының негізін құрайтын дәнекер тінінің бір түрі.
Қанқа сүйектері, бас сүйегінің негізгі және бет сүйегінің кейбір бөліктері
шеміршектік сатыдан өтеді, сондықтан алмастырушы немесе хондральды остеогенез II -
түрі деп аталады.
Жабылғы сүйектердің дамуы сүйектену нүктелерінің құралуынан басталады.
Болашақ сүйектердің орнында қанқалық синцитийлар пайда болады. Каллоген
талшықтарының саны көбейеді, остеобласқа жіктелетін мезенхималық клеткалардың
пролиферациясы басталып, талшықтар арасын желімдеп және бір түрге келтіретін, негізгі
аморфты зат пайда болады да, остеоид құрайды. Құралған остеоид минеральды тұздармен
араласып сүйектік затқа айналды. Оның ішінде қалған остеобластар, өсіп жетіліп,
остеоциттерге айналады.
Алмастырушы сүйектердің (яғни хондральды остеогенез) дамуы да, мезенхимальды
клеткалардың дамуынан басталады. Олар шеміршек клеткаларына жіктеледі, клетка
аралық заттар шеміршектің сипаттамасын қабылдайды. Сүйектердің бұл түрлерінің
дамуын түтікше сүйектердің мысалында қарастырған дұрыс. Шеміршектік сатының өзінде
шеткі бөлімдері – эпифизі және диафизі (эпифиздердің аралығындағы бөлім) анықтала
бастайды. 
Бала туылған мезгілде түтікше сүйектердің диафиздері сүйек тканынан тұрады. Ал,
эпифиздердің көбі, алақанның барлық кеуекті сүйектері, табанның кеуекті сүйектерінің
көбі, тек қана шеміршек тканынан тұрады. Туылғанда сүйектену нүктесі тоқпан және
үлкен жіліншек, асық, өкше, текше сүйектерде, омыртқалардың денесінде және олардың
доғасында аралас эпифиздерінің орталық участоктерінде ғана пайда болады. Басқа
сүйектену нүктелері туғаннан кейін дамиды. Білезік сүйектерінде сүйектену нүктелерінің
пайда болуы негізгі бір заңдылықпен жүреді. Жұмыр бас сүйекте – 2
 
айлықта, имекше
сүйекте – 3 айлықта, ұшқырлы сүйекте – 3 жаста, жартылай ай тәріздес суйекте – 4 жаста,
ладья тәрізді сүйекте – 5 жаста, трапеция және трапеция тәрізді – 5 және 6 жаста, бұршақ
тәріздес сүйекте – 10-13 жастарда байқалады.
Кейде жаңа туған балалардың рентгенограммасында жұмыр бас және имекше
сүйектерде сүйектік ядроны көруге болады. Бұл баланың тиісті мерзімінде туғанын
көрсетеді. Қысқа түтікше сүйектердің шын эпифиздерінде сүйектену нүктелері 2-3
жасында болады. Осы сүйектердің қарсы шеттерінде жалған эпифиздердің
(псевдоэпифиздер) дербес сүйектену байқалады. Ұзын түтікше сүйектердің дистальды
эпифиздерінде сүйектену нүктелері кәрі жілікте – 1-2 жаста, шынтақ сүйекте – 7-8 жаста
пайда болады. Сейсемо тәріздес сүйектің нүктесі жыныстық даму кезеңінде, бұршақ
тәріздес сүйекте қыз балаларда 7-12 жаста, ер балаларда 10-15 жасында, алақанның
бірінші саусақ сүйегінде қыз балаларда 10-15 жаста, ер балаларда 13-17 жаста пайда
болады. Кейде сейсемо тәріздес сүйек қос сүйектену нүктелерінің пайда болуының өз
ерекшеліктері бар: латеральды сына тәріздес сүйекте бірінші жылы, асық жілік
шыбығында 2 жаста, қысқа түтікше сүйектерде 2-3 жылы, ішкі (медиальды) сүйекте 2-4
жаста, ортадағы сына тәріздес сүйекте 3-4 жаста, ладья тәріздес сүйекте 4-5 жаста. Табан
сүйектерінің сүйектенуінің де кейбір ерекшеліктерін атап көрсету керек. Өкше сүйегінде
7-9 жастарда пайда болып, 12-15 жастарда денесімен қосылады, бірнеше сүйектену
нүктесінен өсетін, апофизі (өкше сүйегінің бұдыры) бар; кейбір сүйектерде (асық жілігінің
артқы өсігі, ладья тәріздес сүйектің бұдырмағы және т.б.) бөлек сүйектік ядролар білінеді.
Бұл сүйектік ядролар бар кезеңде рентгенограммаларда оларды сүйектің сынығымен
шатастырып алу қаупі туады. Бұл жағдайда 1 саусақтың сейсемо тәріздес сүйектің қыз
177


балаларда 8-12 жасында, ер балаларда 11-13 жаста сүйектенетіндігіне көңіл бөлу керек.
Бесінші саусақта 3 қос сүйектлік (бифолангия) жиі кездеседі.
Бірінші жылы сүйектік қанқаның қарқынды өсуімен қатар, сүйектік тінінің
құрамында көптеген өзгерістер болады. Құрылымы дөрекі талшықтардан пластинкалық
сүйектерге дейін өзгереді. Жаңа туылған балалардың сүйек тінінің құрылымы дөрекі
талшықты тор тәрізді болады. Өзі аз сүйекті пластинкалар әртүрлі қалыпта орналасады.
Гаверс каналдары ретсіз әр жерде орналасқан қуыс болады. Жаңа туылған баланың
сүйегінде су көп, тығыз зат аз болады. Оларда қалдықты тығыз зат сүйектің салмағының
1/2 бөлігінде болса, ересек адамдарда 4/5 бөлігіндей болады. Сүйек тінінің қарқынды
өсуімен қатар, құрамының тез арада үлкен өзгерістерге душар болуы, олардың сыртқы
ортаның әсеріне, тамақтандырудың, қимылдық ережелердің бұзылыстарына, бұлшық еттің
тонусының жағдайына, сезімталдығын арттырады. 
Сүйек жасалу және қайта қалыптасу процессі 3 сатыға бөлінеді: Остеогенездің
бірінші сатысы 0-7 жас аралығын қамтиды және 2 кезеңге бөлінеді: туылғаннан бірінші
жыл аяғына дейін – жәй өсу; ал 1-7 жас аралығында – қарқынды өсу. Бұл саты бойында
сүйектік тканьнің белоктік негізді матриксті құрайтын анаболикалық процесс жүріп
отырады. Бұл процесс қалыпты жүру үшін бала организмін белокпен А, С, В тобы
витаминдермен, гормондармен дұрыс қамтамасыз ету керек. Матрикс құралу процессін
реттейтін гормондарға тироксин, соматомединдер, гипофиздің белсендірілген
соматотропты гормондары, инсулин, паратгормон жатады.
Екінші сатысы қыз балаларда 7-ден 9 жас аралығында, ер балаларда 7-ден 11 жас
аралығында жүреді. Гидрооксиапатитты кристаллизациялау орталығы құралады. Одан соң
остеоид минерализациясы жүреді. Бұл сатыда организмді қажетті мөлшерде кальциймен,
фосформен, Д-витаминімен және фтор, марганец, магний, цинк 
тәрізді
микроэлементермен толысады.
Жаңа туылған баланың қан сарысуында кальций мөлшері 2,25-2,45, ал ересек
балаларда 2,5-2,8 ммоль/л болады.
Фосфор алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты, ол эндокрин бездерімен
реттеледі. Тек, паратгормон төмендетеді, ал кальцийтонин, керісінше, қан сарысуында
фосфор мөлшерін көбейтеді. Д витамині және оның метаболиттері фосфордың ішекте
сорылуын үдетеді. Бір жасқа дейінгі балалардың қан сарысуында фосфор мөлшері (1,29-
2,20 ммоль/л), одан кейінгі жылдарға қарағанда көбірек (0,65-2,62 ммоль/л). Ал, ересек
адамдарда 1 ммоль/л.
Остеогенездің үшінші сатысы – қалқанша без жанындағы бездермен реттелетін және
Д-витаминімен организмнің қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты, сүйектің қайта
қалыптасуы және ұдайы өзінен-өзі жаңару процессі болып табылады.
Баланың сүйек қанқасының ерекшеліктерінің бірі – көлденеңнен салыстырғанда,
сүйек қабының жуандығының және әрекеттік белсенділігінің үлкендігі. Сүйек қабығынан
сүйектің көлдеңінен өсуі жүреді. Сонымен қатар, сүйек қабығы қан айналым тамырларына
өте бай. Сүйек қабығы сүйектің сыртын қап жасап орап жатады да, сүйектің иілгіш
болуын қамтамасыз етіп, оны зақымданудан қорғайды.
Сүйектің бүтін болуын, түтікше сүйектердің шеттерінде орналасқан, соққының
күшін азайтатын, метафиз бен жалпақ шеміршек арқылы қосылған эпифиз қамтамасыз
етеді. Бұндай анатомиялық ерекшеліктері, бір жағынан балалардың сүйегінің сынуына
қарсы әсер етеді.
Екіншіден, тек балаларда ғана кездесетін сүйек сыну түрлерінің болуына әсерін
тигізеді: сүйектің жарылуы, сүйек қабығы астынан сыну, эпифизиолиздер, остео-
эпифизиолиздер. Эпифизиолиздер және остеоэпифизиолиздер дегеніміз – зақымданғанда
эпифиздің метафизден жұлынып ығысып кетуі немесе метафиздің бөлігімен эпифиздік өсу
шеміршегінің сызығынан жұлынуы.
Апофиздің эпифизден айырмашылығы буын сыртында, беті кедір-бұдыр болып
келеді, және оған бұлшық ет пен тарамыстар бекітіледі. Апофиздің өсу шеміршегінің
178


сызығы бойынан жұлынуы апофизеолиз деп аталады. «Көк шыбық» түрінде сыну
балалардың сүйектерінің иілгіштігіне байланысты. Бұндай сынықтарда сүйек кішкене
қисайып тұрады, сыртқы жағы сынып кетеді де, ішкі қыры бүтін қалады. Сүйек қабығы
сынған сүйектің қабығының астында болуымен сипатталады да, сынықтардың ығысуы
байқалмайды. Көбіне бұндай сынықтарға білек және сирақ сүйектері душар болады.
Сүйек жүйесін зерттеу аурудың сүйегінің сырқырауына сүйектері мен буындарының
ауыратынына, пішінінің өзгеруіне, қозғалғыштығының кемуіне шағымдарының бар-жоғын
анықтаудан басталады. Негізінен сүйек жүйесінің жағдайы қарап, пальпациялап,
перкуссиялап, қажет болса, өлшеп бағаланады. Алдымен баламен танысып, басынан
аяғына дейін қарап (алдымен басын, сонан соң денесін, кеудесін, омыртқа жотасын, аяқ-
қолын) шығады. Қарағанда бас сүйегінің мөлшерін және түрін анықтайды. Бас сүйегі:
жаңатуған балада ми бөлігі, бет бөлігіне қарағанда өте жақсы дамыған. 1-9
 
жастан бастап
бас сүйегінің сыртқы есту тесігінен ілгері және кейін бөлігі, бір қалыпта дамиды. 10
жастағы балада бас сүйегінің алдыңғы бөлігінің дамуы, басқа бөлімдерге қарағанда басым
болып келеді.
Бас, әдетте, домалақ болып келеді. Оның мөлшерін, шеңберін айналдыра өлшеп, оны
жас ерекшеліктерімен салыстыра отырып, бағалайды. Бас мөлшерінің ұлғаюы рахит
немесе гидроцефалияда байқалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет