Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қарын қалтқысын пальпациялау



Pdf көрінісі
бет362/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Қарын қалтқысын пальпациялау
Емшектегі балаға сүт немесе шай береді. Осы
кезде, бауырдың төменгі кенересімен іштің тік бұлшық етінің сыртқы қабырғасының
аралығына саусақтардың іштің бетінің артқы жағына батыра түсіп, қарын қалтқасын
пальпациялайды.
Гастроптозда, қарын созылғанда, қарын атониясында, қарын қалтқысы тарылғанда,
қарынның үлкен иіні өз орнынан төмен түседі. Қарын қалтқысы тарылғанда қарын қалпы
іштің тіке бұлшық етінің оң жағында да анықталады. Қарын өте қатты созылғанда, ол
латеральды және төмен жылжиды, ол қолға ұршық тәріздес, ені 2-4-см-дей жылжымалы
дене болып білінеді.
Перкуссия
іште сұйықтықтың жиналуынан (тұйық дыбыс), кебуін (тимпаникалық
дыбыс) айыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттелген мүшелердің пальпациялық
мәліметтерін толықтырады (қарынның төменгі шегін анықтау).
238


Аускультация
науқастың ішегі түйілгендігін анықтау үшін қолданылады.
Аускультация әдісімен қарынның көлемі және оның орналасқан орны анықталады. Бұл
жағдайда фонендоскопты төс шеміршегі мен кіндік аралығына (эпигастральдық аймаққа)
қояды. Екінші қолымен фонендоскоп маңынан бастап сипалай отырып, шетке қарай
жылжып дыбыстың анық естілетін аймағын анықтайды. Бұл аймақ қарынның шекарасына
сәйкес келеді.
Қарынды зерттеудің шайқалу шуы деп аталатын тәсілінің диагностикалық маңызы
зор. Ол қарын шайқалған кезде ауа және сұйық заттардың өзіне тән шуыл шығаруына
байланысты. Бұл әдіс гастроптозды (қарынның төмен түсуі) анықтауға маңызды роль
атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет