Мықын ішек
— спастикалық жағдайда жіңішке, тығыз болады, энтеритте іш
ауырып қорылдайды. Терминальды илеитте (Крон ауруы) мықын ішек ауырып,
жуандайды. Іш сүзегінде, лимфосаркоматозда, лимфогранулематозда мықын ішек қолға
бұдырланып білінеді.
Тоқ ішектің өрме және төменгі бөлігін пальпациялағанда, сол алақанды белдің оң
жақ астына салып, оң қолдың саусақтарын ішке батырып, сол қолдың саусақтарымен
түйіскенде ығыстырады.
Көлденең тоқ ішекті терең пальпациялау, іштің орта сызығының екі жағынан,
кіндіктен 2-3 см жоғары немесе төмен аймақта жүргізіледі. Саусақтарды бүгіп іш қуысына
терең батырады да, ішектің үстімен жайлап басып, жылжып өтеді. Сау балалардың
көлденең ішегі қолға жұмсақ цилиндр тәрізді сезіледі.
Колитте көлденең тоқ ішек тығыз болып білінеді және пальпация кезінде ол ауырады.
Тоқ ішек атониясында ол жұмсақ, цилиндр тәрізді болады. Мегаколонда көлденең тоқ ішек
өте қатты үлкейіп, іш қуысын толық алып жатады.
Қарынды терең сипалау тәсілімен тексергенде, оның үлкен иіні, ал кейде кіші иіннін
анықтауға болады. Қарынның үлкен иіні әдетте кіндіктен жоғары орналасады. Қарынды
пальпациялаудың дұрыстығын және оның орнын анықтау шайқау феноменімен және
перкуссия арқылы бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |