ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАНДАҒЫ ЖӘНЕ ЗӘРДЕГІ ФЕРМЕНТТЕРІН АНЫҚТАУ
Ұйқы безінде түзілетін ферменттер, оның сөлінің құрамында ішекке келіп, қуыстық
тамақ қортуға қатысады. Ал, асқазан бөлігі ғана қанға, зәрге өтеді. Ұйқы безінің
ауруларында осы ферменттердің қанға өту мөлшері арытады. Осы арыту мөлшерлері ұйқы
безінің ауруларын анықтауға қолданылады.
Қалыпты жағдай қандағы амилаза (диастаза) активтілігі 8-32 бірлік, зәрде 16-32
бірлік. Гиперамилаземия жедел панкреатитте (5-10 есе арытады), кейде паротитте, сілекей
бездерінде тас байқалғанда болады. Созылмалы панкреатиттің өршу сатысында орташа
дәрежеде амилазанын арытқаны анықталады. Сонымен қатар, ішектен сорылуының
немесе нәжіспен бөлінуінің бұзылуынан асқазан жарасында, илиетте, перитонитте
амилазаның активтілігінің арытқанын байқауға болады.
Қандағы липаза негізінен ұйкы безінен келіп түседі. Қалыпты жағдайда қандағы
липаза активтілігі 0,5-1,5 бірлік деңгейінде болады. Гиперлипаземия, әдетте, ұйқы безінің
ауруларында байқалады. Жедел панкреатитте тез арада 10-15 есе арытады, да қалыптасуы
жүреді. Трипсин активтілігі Эрлангер әдісі бойынша 2,58±0,25 мг/мл.
Достарыңызбен бөлісу: |