сарымсақ, және т.б.) ана сүтінің дәмі және иісі бұзылады, сондықтан, бұндай тағамдарды
емшекте баласы бар аналардың жемегені жөн.
Емшекте баласы бар аналар ұзақ уақыт дәрілер қолданғанда, олардың сәби
организмінде жинақталып қалуы мүмкін. Цистостатиктерді, активті гормондарды,
олардың аналогтарын және гормондар ингибиторларын мүлдем қолдануға болмайды.
Олар сәби организмінде эндокриндік бұзылыстарының пайда болуына себепкер болуы
мүмкін. Асқазан жолында ыдырайтын (зақымсызданатын) гормондарды (инсулин,
адреналин, АКТТ және т.б.) қолдану керек.
Емізетін аналар қабылдаған антибиотиктер сәбилерде дисбактериозға соқтыруы
мүмкін. Көптеген дәрі-дәрмектер дәрілік аллергия себебі болады. Бала емізетін әйелге
шылым шегуге болмайды.
Әдетте тәуліктік су мөлшері көбірек болып келеді, дегенмен, сүт мөлшері
көбеймейтін болғандықтан, тәуліктік су мөлшері 2л деңгейінде болады.
Тиімді тағамдану тәртібін жеткілікті демалыспен (күндіз 1-2 сағат ұйықтау, таза
ауада қыдыру) ұштастыру керек.
3-4 күн бойына лактация қалыптаспаса, сәбиді бір емізгенде екі емшекті де беру
керек. Тек қана барлық мүмкіндікті пайдалаиғаннан кейін үстеме (қосымша) тамақ
қолдану керек. Лактацияны жақсарту үшін емізуден 10-15 минут бұрын шай, компот,
итмұрын тұнбасын ішуді ұсынуға болады.
Дәрі-дәрмектерден никотин қышқылы (40-50 мг, күніне 2-3 рет, емізуден 10 минут
бұрын), С витамині (10-15 мг-нан күніне 2 рет, 10-15 күн бойына); апилак (күніне 0,01 г-
нан 3 рет, 2 апта бойына) беріледі. Сонымен қатар, ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру,
ультражоғары жиілі тоқ, ультрадыбыспен әсер ету, вибрациялық массаж, инемен емдеу,
сүт безін жылтқышпен таңу сияқты процедуралар қолданылады. Фитотерапия қолдануға
болады: қалақай жапырақтарының қайнатпасы, 1 ас қасығымен 3 рет (қалақайдың 3-4 ас
қасығын 1 литр суда қайнатады), доланың сығындысы (экстрактасы) 20-30 тамшыдан
күніне 3-4 рет тамақ алдында, 10-14 күн бойына. Бақбақтың тамырының, жәй киікшөптің
тұнбасын, аскөктің (укроптың) қайнатпасын қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: