Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет474/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2. Емшектің ұшының қысқа,
ішіне тартылған, жалпақ, инфантильді, тығыз болып,
түрінің өзгеруі. Бұндай жағдайда балаға емшекті, әдейі осыған арналған, емізікшелер
арқылы сорғызады. Массаж жасап, уқалап, қолымен тартып, сауып, біртіндеп баланы
емізуге үйретеді.
3. Емшек ұшының жарылуы 
– лактацияның алғашқы аптасында пайда болады, көбіне
маститтің пайда болуына себепкер болады.
Емшектің ұшының жарылуына әртүрлі даму ақаулары, бала емгенде зақымдану,
ананың жеке гигиенасын толық сақтамауы себепкер болады. Бұндай жағдайларда баланы
сауылған сүтпен тамақтандыруға немесе арнайы емізікшелер арқылы емізуге мәжбүр
болады. Емшектің сүттен толық босауын қадағалап отыру керек. Анестезин қосылған май,
А витамині, бриллиантты көктің 1%-дық ертіндісі, дезинфекциялайтын препараттар,
ультракүлгін сәуле сияқты эпителизациялауға бейімдейтін шаралар қолданылады.
4. Мастит 
– сүт безінің қабынуы. Емшек ұшының жарылуы сырттан инфекциялануына
байланысты пайда болады. Маститтің пайда болуына жеке гигиенаны сақтамау, сүт
бездерін дұрыс күтпеу, сүт безінде сүттің тоқырауы әсерін тигізеді.
Мастит бездің ісінуі, жекеленген тығызданып ауруы, лимфа түйіндерінің үлкеюі,
организмнің уыттану белгілерінің және қызбаның пайда болуы сияқты клиникалық
белгілерімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет