ЖТН-ң жедел асфиксиясына әкелетін 5 негізгі механизмін бөледі:
1. кіндік арқылы қан ағуының бұзылуы (шынайы кіндік түйіндері, олардың қысылуы,
баланың мойнына немесе денесінің басқа жерлеріне кіндік бауының тығыз оралып
қалуы);
2. плацента арқылы газ алмасудың бұзылысы (уақытынан
бұрын плацентаның толық
және жартылай ажырауы, плацентаның дұрыс орналаспауы және т.б.);
3. плацентаның аналық бөлігінде қанайналым бұзылысы (шектен тыс белсенді толғақ,
артериальды гипотензия немесе анасындағы кез келген этиологиялы гипертензия);
4. анасының қанының оттегімен қанығуының нашарлауы (анемия, жүрек-қан тамыр
аурулуры, тыныс жетіспеушілігі);
5. ЖТН құрсақтан тыс тыныс әрекетінің жетіспеушілігі (анасына дәрі-дәрмектік емнің
әсері, ұрық миының антенатальды зақымдалуы, өкпенің туа пайда болған даму
ақаулары және т.б.);
Екіншілік
гипоксия аспирация, пневмопатия, бас миының және жұлынның туу
жарақаттары, туа пайда болған жүректің, өкпенің, мидың
даму ақаулары салдарынан
дамуы мүмкін.
Нәтижесінде, асфиксия – бұл тұншығу, әртүрлі себептермен шақырылған жедел
дамитын
патологиялық процесс, оның негізінде – қанда және тіндерде оттегінің
жетіспеушілігі (гипоксемия, гипоксия), сонымен қатар, организмде көмірқышқыл газының
(гиперкапния) және зат алмасудың басқа қышқылды өнімдерінің жиналуы жатыр, ол
нәтижесінде метаболикалық ацидозға әкеледі. Қанайналыста жүретін
зат алмасудың
қышқылданбаған өнімдері клеткалардағы биохимиялық процесстерді тежейді және тіндік
гипоксияны шақырады; организм клеткалары оттегіні жұту қабілетін жоғалтады.
Патологиялық ацидоз тамыр қабырғасының және клетка мембранасының өткізгіштігін
жоғарылатады, нәтижесінде
қанайналым бұзылысына, қанның ұю процессінің
нашарлауына және әртүрлі органдарда қан құйылуларға әкеледі. Тамырлар тонусын
жоғалтады да, қанға толады, қанның сұйық бөлігі айналадағы тіндерге шығады, содан соң,
барлық мүшелер мен жүйелер клеткаларында дистрофиялық өзгерістер мен ісік дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: