Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Д-ГИПЕРВИТАМИНОЗЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖIКТЕЛУI



Pdf көрінісі
бет643/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   639   640   641   642   643   644   645   646   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Д-ГИПЕРВИТАМИНОЗЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖIКТЕЛУI
(Н.А. БАРЛЫБАЕВА, В.И. СТРУКОВ, 1984)
Ауырлық
дәрежесi
Клиникалық көрiнiсi
Кезеңi
Ағымы
І 
дәрежелi, 
женiл 
Улану болмайды.Тәбетінiң төмендеуi, 
тершеңдiк, ашуланшақтық, 
ұйқысының бұзұлуы, салмақ қосудың 
тоқтауы, полидипсия, несеппен бiрге 
кальций экскрециясынын ұлғаюы, 
Сулкович сынамасы (++) 
Бастапқы 
Жедел, 6 айға дейiн, 
Созылыңқы, 6 айдан 
аса 
ІІ 
дәрежелi, 
Баяу улану, тәбеттің темендеуi, лоқсу, 
салмақ қосудын тоқтауы немесе 
Қозу 
404


орташа 
салмақтың азаюы, гиперкальциемия, 
гипофосфатемия, гипомагниемия, 
гиперцитремия, Сулкович сынамасы 
(+++) немесе (++++) 
ІІІ 
дәрежелi, 
ауыр 
Айқын улану көрiнiсi, үнемi лоқси 
беру, едәуiр салмақ жоғалту, 
асқынулардын қосқарлануы (өкпе 
қабынуы, пиелонефрит, миокардит. 
панкреатит т .б.), биохимиялық 
көрсеткiштердiң терең өзгерiстерi 
Нағыз удеу 
Сауығу 
Созылмалы, 9 айдан 
асса, қалдықты 
кұбылыстар, әр турлi 
ағзалар мен 
тамырлардың 
кальцинозы, қолқа 
коарктациясы дамуы, 
өкпе артериясының 
тарылуы, уролитиаз, 
СБЖ 
Клиникасы.
Тәбетiнің төмендеуi немесе жоғалуы, салмақтың нашар қосылуы,
эксикоз байқалатын жалпы улану. Терi қабаттарының бозаруы және құрғауы, қатты
шөлдеу, бауырдың және көкбауырдың ұлғаюы, тахикардия, жүрек соғуының әлсiзденуi,
оның шекарасының кеңеюi, систолалық шу, iш қату немесе iш өту, дизурия көрiнiстерi
(полиурия, олиго-, анурия), пиелонефрит, ал, кеселдiң ауыр дәрежесiнде бүйрек
жетiспеушiлiгiнiң белгiлерi. Яғни, Д- гипервитаминозы турлi ағзалар мен жүйелерге терiс
әсер беретiн дерт. 
Аурудын созылмалы ағымында пиелонефрит, гипотрофия, жалпы улану (инток-
сикация) белгiлерi басым болады. Диагноз қоюда қанда және несепте кальций мөлшерiн
(гиперкальциемия және гиперкальциурия), гиперфосфатемия мен гиперфосфатурияны
анықтау өзгелермен салыстырғанда, бiршама манызды лабораториялық мәлiмет болып
табылады. Биохимиялық сынамаларда сiлтiлiк фосфатаза мен холинэстераза белсендiлiгi-
нiң төмендеуi, гиперхолестеринемия, диспротеинемия анықталады. Қанда анемия, солға
ығысқан нейтрофильдi лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары болады. Зәр сынамасында – протеину-
рия, лейкоцитурия және т.б. Рентгенограммада – сүйектер диафизiнiң көрнектi кеуектiлiгi,
түтiкше сүйектердiн эпифиз аумағына әк жиналуы. Аурудың диагнозы анамнезге (Д-
витаминiнiң көп мөлшерiн алуы), жалпы клиникалық өгерiстерге және биохимиялық
көрсеткiштерге сүйенiп қойылады. Қандағы гиперкальциемия Д-гипервитамитозынын аса
елеулi сипаты диагнозға кез келген емханада жасалатын Сулкович сынағы көмектеседi.
Бұл үшiн Сулкович реактивiн оның мөлшерiнен екi есе артық зәрмен араластырады.
Гиперкальциурия бар болса (ол гиперкальциемияның белгiсi), зердiң түсi ылайланады.
Кальциурия қалыпты немесе гипокальциурия болса, қоспа түсi өзгермей, мөлдiр күйiнде
қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   639   640   641   642   643   644   645   646   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет