Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет851/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   847   848   849   850   851   852   853   854   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ауыр түрде өтуі:
Ұстамалы тұншығу жиі, ауыр өтеді және қиын таралады. Кейде
ауру демікпелік жағдайда жатады. Ұстама айына, аптасына, кейде тәулігіне бірнеше рет
ұстайды. Ұстама аралық кезең өте қысқа. Жалпы қал-жағдайы азап шегеді, кейбір
ауруларда созылмалы өкпе текті жүрек қалыптасады. 
Бронхтардың арнайы емес гиперреактивтілігін анықтау : Бронх реактивтілі-
гіне баға беру кеселдің тек тұрақты ремиссия кезінде жүргізіледі. Ең жиі қолданылатын
физикалық жүктемемен жүргізілетін сынақ. Спирометр арқылы жүктеме беру алдында 1
секунд ішіндегі форсирленген демді сыртқа шығару көлемі (FEV1) анықталады. Содан соң
6-8 минуттік физикалық жүктеме беріледі (тредмилде жүгіру немесе велоэргометрия- лық
тұрақты жүктеме – 1,5 вт/кг). Сыртқы тыныс қабілетіне бағаны жүктемеден соң бірден
және 8-10 минут өткен соң береді. Егер жүктемеден соң пикфлоуметр қолдануда FEV1
15%-ға кемісе, сынақ оң (+) болып есптелінеді. Бұл жәй сынақ барлық БД-қосарланған
түрлерінде оң, ал таза атопиялық түрлерінде тек 40% болады. 
Асқынулары:
астматикалық жағдай (жоғарыдан қараңыз), өкпе эмфиземасы,
пневмосклероз, (созылмалы пневмонияны қараңыз).
Жедел немесе жеделдеу жүрек шамасыздығы: науқастың жағдайы тез нашарлайды,
мойын веналары мен еріні ісініп, көгереді, салыстырмалы жүрек тұйығының оң жақ
шекарасы үлкейеді, бауыры өседі. Ал, кейде шоктық реакцияның белгілері байқалады:
бозаруы, артериялық қысымның төмендеуі, әлсіз және толықтығы кішірейген пульс,
денесінің ісінуі, жайылған цианоз анықталады.
Ателектаз:
ауыр ұстамада бронхтың қою, жабысқақ қақырықпен бітеліп қалуынан
пайда болады, көбінесе бөбектерде және мектеп жасындағы балаларда байқалады.
Балаларды ылғалды, кейде зорланып жөтелу, іштің тіке бұлшықетінің және кеуде
қуысының бөліктері ауырып мазалайды. 
Клиникасы
: тері жамылғысының цианозы (көбіне
ауыз айналасының, саусақ ұштарының, қол басының), кеуде қуысының бір бөлігінің
тыныс алудан қалыс қалуы, кеуде қуысының деформациясы, өкпенің семген бөлігінің
тұсында перкуссиялық дыбыстың тұйықталуы және осы жердегі дауыс дірілінің өзгеруі,
дем алысының әлсіреуі, крепитациялық және плевраның үйкелу шулары естіледі.
Қорытынды диагноз рентгеннің көмегімен қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   847   848   849   850   851   852   853   854   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет