Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет850/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   846   847   848   849   850   851   852   853   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1 сатысы
(компенсацияланған сатысы) симпатомиметиктерге және кейбір басқа
бронхолитиктерге беріктілігімен сипатталады. Көбіне ұстама түрінде байқалмайды,
керісінше, біртіндеп басталып, бірнеше күн, тіптен апталап, айлап созылады. Ақшыл
(бозғылт) цианозбен, экспираторлы ентігумен, кеуде қуысының кебуімен, қатты жөтелмен,
тынысының әлсіреуімен, аздаған инспираторлы сырылдармен қатар, демін шығарғанда
естілетін азды-көпті ызыңды сырылдармен сипатталады. Алыстан естілетін тыныс
шулары мен аускультация жасағандағы естілетін шуылдар сай келмейді. Науқастың
қасында тұрған дәрігердің көп сырылдар естимін деген болжамы аускультацияда
дәлелденбейді. Әдетте, жүрек гликозидтері әсерін тигізбейтін тахикардия, эмфиземаға
байланысты жүректің салыстырмалы тұйығының шекарасының тарылғаны, ал, ол ұзақ
дамыған кезде невротикалық бұзылыстар байқалады. Кейде тыныстық бұзылыстарға
балалар үйреніп те кетеді де, шағым айтпайды.
2 сатысы
обструктивті типтес үдемелі тыныс тапшылығы, науқастың жағдайының
өте қаталдығы, бозғылт цианоз, айқын білінетін тахикардия, тахипноэ және олигопноэ
сияқты белгілермен сипатталады. Бұл жағдайда сырылдар болмайды, немесе өте аз
мөлшерде шамалы ғана бөлігінде құрғақ сырыл естіледі. Өкпенің төменгі шекарасы
барынша төмендейді, өкпенің қозғалысы (экскурсиясы) шектеледі. Жөтел жойылып
кетеді. Пульс жиілеп, толықтығы әлсірейді, ал, артериальды қысым төмендейді.
Астматикалық жағдайдың бұл сатысында ұсақ бронхтар мен бронхиолдар жабысқақ
секретпен бітеледі де, жайылған өкпе обструкция синдромы пайда болады. Сондықтан,
уақытында тиісті шара қолданбаса, гипоксиялық кома дамиды. Жалпы қозуы,
қорқыныштық сезімі селқостықпен ауысады. 
3 сатысы
(гипоксиялық кома, асфексиялық синдром) декомпенсацияланған
тыныстық және метаболикалық ацидоздың, айқын гиперкапнияның әсерінен дамиды. А.Г.
Чучалин гипоксемиялық команың жедел және баяу дамитын екі түрін бөледі. Жедел
516


дамитын гипоксемиялық комада үдемелі жайылған цианоз, ұлғайып отыратын тахикардия
және тахипноэ мен артериялық қысымның төмен құлдырауы, мойын веналарының ісінуі,
бауырдың үлкеюі байқалып, науқаста селқостық пайда болады. Баяу дамитын
гипоксемиялық комаға осы белгілер тән болып келеді, бірақ олар біртіндеп дамиды.
Ауырлығы бойынша жеңіл, орташа, ауыр түрде өтеді 
(81 кесте).
Жеңіл өтуі:
Ұстама жылына 3-4 рет, яғни сирек байқалады, жалпы қал-жағдайы
онша азап шекпейді, ұстама аралық кезеңде балалар өзін сау сезінеді. Ұстама жеңіл
тарайды да, тұрақты эмфизема болмайды.
Орташа өтуі:
Ұстама неғұрлым жиі, ай сайын ұстайды. Ұзақтығы бірнеше күнге
созылады. Ұстама тарағаннан кейін басқа мүшелер жағынан клиникалық өзгерістер кетеді
де, тек арнайы тексергенде ғана ауытқулар анықталады. Ұстамалар аралығындағы кезеңде
тез шаршау, ашуланғыш, дене дамуының қалыс қалуы, бозару және еріннің сұрғыштануы,
ауыз айналасының, саусақ ұштарының аздап көгеруі, кеуде клеткасының деформациясы
байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   846   847   848   849   850   851   852   853   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет