Медицина қызметкерлерінің ТҰЛҒасына қойылатын психологиялық талаптар. Медицина қызметкерлерінің ТҰЛҒалық мінездемелерінің коммуникативті процестерінің тиімділігіне әсері. Медицина қызметкері мен науқастың арасындағЫ Қарым – Қатынас



бет1/2
Дата20.05.2020
өлшемі18,26 Kb.
#69952
  1   2
Байланысты:
7 лекция


МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТҰЛҒАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕН НАУҚАСТЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС.

Мамандығы бойынша жаңа ғана қадам басқан медициналық қызметкер әдетте, эмоционалдық жағынан науқастың психологиясына жақын тұрады. Ол науқастың ауруханалық ортаны қабылдауын, ауырсынуды, үрейді, сенімсіздікті жеңуін басынан өткізе алады. Осы жағдай көбінесе жас адамдарды медициналық мамандықты таңдауына себепші болады. Алайда бұл себеп біртекті емес, келесі себептерді ажыратуға болады:



  1. аз бөлігі медицинаға қоғамдық мағынасы жағынан басқа азаматтардан жоғары жағдайда тұру мақсатымен келеді.

  2. көп бөлігі жақсы биологиялық және жаратылыстану білімдерімен, яғни өз қызығушылығының арқасында келеді.

  3. Кей біреулер бұл сала белгілі дарындылықты қажет етпейді деп те келеді.

  4. Медицинаны таңдағандардың көбісі бұрын ауырғандықтан немесе жақын туыстары ауырғандықтан, науқастарға көмектесу және ауруды зерттеу үшін таңдайды.

  5. Кейбіреулері туыстарының қысымымен, басқалардың үлгісімен немесе кездейсоқ келуі мүмкін.

Түңілу кризисі (иллюзорлы – деиллюзорлы қатынастар) медицинаға аяныш сезімі оянып келгендерге болады, мұндай адамдарлы саны көп, сондықтан да медициналық ортамен ұшырасқанда, олар белгілі бір түңілу сезімін басынан кешіреді. Оқу процесі кезіндегі романтизм шындықпен кездескенде өзгеруі және радикалды түрде трансформациялануы тиіс.

Өмірлік реакциялармен трансформациялар нәтижесінде бұрынғы романтизмнен ештеңе қалмауы да мүмкін.

Дәрігердің науқаспен қарым – қатынасы тек эмоциялармен ғана анықталмайды. Жақсы істерді жүзеге асыру үшін дәрәгердің жеке қатынасы эмоциялары мен тілектері ғана емес, жұмыс кезінде барлық коллективтің біріккен қызметі қажет. Егер де медициналық қызметкер түңілу позициясында қалса, ол басқалар сияқты қателіктер жіберіп, сол шеңберге түсіп, науқастарға және басқа қызметкерлерге ризасыздық көрсетіп, олардың антипатиясын шақырып, жұмысының қорытындыларын жоққа шығарды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет