дамитын гипоксемиялық комада үдемелі жайылған цианоз, ұлғайып отыратын тахикардия
және тахипноэ мен артериялық қысымның төмен құлдырауы, мойын веналарының ісінуі,
бауырдың үлкеюі
байқалып, науқаста селқостық пайда болады. Баяу дамитын
гипоксемиялық комаға осы белгілер тән болып келеді, бірақ олар біртіндеп дамиды.
Ауырлығы бойынша жеңіл, орташа, ауыр түрде өтеді
(81 кесте).
Жеңіл өтуі:
Ұстама жылына 3-4 рет, яғни сирек байқалады,
жалпы қал-жағдайы
онша азап шекпейді, ұстама аралық кезеңде балалар өзін сау сезінеді. Ұстама жеңіл
тарайды да, тұрақты эмфизема болмайды.
Орташа өтуі:
Ұстама неғұрлым жиі, ай сайын ұстайды. Ұзақтығы бірнеше күнге
созылады. Ұстама тарағаннан кейін басқа мүшелер жағынан клиникалық өзгерістер кетеді
де, тек арнайы тексергенде ғана ауытқулар анықталады. Ұстамалар аралығындағы кезеңде
тез шаршау, ашуланғыш, дене дамуының қалыс қалуы, бозару және еріннің сұрғыштануы,
ауыз айналасының, саусақ ұштарының аздап көгеруі, кеуде клеткасының деформациясы
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: