презентация Қанмен байланысты Төтенше жағдайларда медициналық қызметкердің іс-әрекет алгоритмі
Орындаған: Өскенбаева Құттықыз
Топ: ЖМ-78
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кәсіби байланыс - бұл қызметтік міндеттерін орындау кезінде пайда болған тері астына, шырышты қабаттарға немесе зақымдалған теріге түсуіне байланысты қанмен немесе басқа биологиялық сұйықтықтарымен байланыс.
Кәсіби байланыс медицина қызметкерлерінде және кейбір басқа кәсіптердегі адамдарда мүмкін.
Медициналық қызметкерлерден басқа (дәрігерлер, стоматологтар, орта медициналық персонал, зертханалар мен мәйітхана қызметкерлері, санитарлар, фармацевтер, медицина студенттері) кәсіби тәуекел тобына полиция, өрт сөндірушілер және құтқару қызметкерлері кіреді.
Қанмен болған төтенше жағдай
Науқастың қаны мен басқа да дене сұйықтықтарының медицина қызметкерінің терісі мен шырышты қабығына түсуі,
- зертханалық центрифугадағы апат кезінде жабдықта.
Жалпы шаралар:
* өткір және кескіш заттарды (медициналық инелер және т.б.) мұқият, сақтықпен пайдалану;
* процедурадан бұрын және кейін қолды жуу;
* қанмен және дененің басқа сұйық заттарымен тікелей байланыста болған кезде жеке қорғаныс құралдарын (қолғаптар, халаттар, маскалар) пайдалану;
* құрамында қан және адам ағзасының басқа сұйық заттары бар қалдықтарды жоюдың қауіпсіз әдістері;
* құрал-саймандарды және басқа да қанмен ластанған жабдықтарды дұрыс зарарсыздандыру;
Егер жұмыс барысында пациенттің қанымен немесе басқа дене сұйықтықтарымен жанасу орын алатын болса, әрдайым жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет: маска, көзілдірік (немесе экран), халат, қолғап, қалпақ, қажет болған жағдайда алжапқыш.
Егер жұмыс барысында пациенттің қанымен немесе басқа дене сұйықтықтарымен жанасу орын алатын болса, әрдайым жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет: маска, көзілдірік (немесе экран), халат, қолғап, қалпақ, қажет болған жағдайда алжапқыш.
Науқастың кез-келген парентеральды манипуляциясы алдында қолғап кию керек.